О внесении изменений в административно-территориальное устройство Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 03.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2017 114074_214845.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005167
- ЭКБ идентификаторы
- 114074
- Редакция идентификаторы
- 114074_214845
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:36
0 Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданының
әкімшілік-аумақтық
құрылысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс жасау туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/8-VІ шешімінің және Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 349 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын: Ерназар ауылдық округінің Полянка ауылы, Глуховка ауылдық округінің Аккульск ауылы;
2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Ерназар ауылдық округінің Полянка ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Ерназар ауылдық округі Ерназар ауылының құрамына;
Глуховка ауылдық округінің Аккульск ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Глуховка ауылдық округі Жыланды ауылының құрамына енгізілсін.