Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходах местного сообщества села Фрунзе Камыстинского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходах местного сообщества села Фрунзе Камыстинского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 26.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2020 114098_448321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NK007164
- ЭКБ идентификаторы
- 114098
- Редакция идентификаторы
- 114098_448321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:24
0 Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3
3. Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 338 «Қостанай облысы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6162 тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп таныслсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мәслихаттың
2017 жылғы «26» шілдедегі
№ 104 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының (бұдан әрі–Фрунзе ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Фрунзе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Фрунзе ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Фрунзе ауылының әкімі шақырады.
Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Фрунзе ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Фрунзе ауылының әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Фрунзе ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Фрунзе ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Фрунзе ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Фрунзе ауылының ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Фрунзе ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Фрунзе ауылдық әкімінің аппаратына береді.
18 Мәслихаттың
2017 жылғы «26» шілдедегі
№ 104 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының
жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
1
Фрунзе ауылы
15