Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны

Қаулы · № 110-1675 · қабылданған 17.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114129/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны Күшін жойған Қаулы ·№ 110-1675 ·17.08.2017
06.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны

Күшін жойған Қаулы ·№ 110-1675 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
110-1675
Қабылданған күні
17.08.2017
Көрсетілген редакция
06.03.2018 114129_325751.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G17A1101675
ЭКБ идентификаторы
114129
Редакция идентификаторы
114129_325751
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:08

0 Астана қаласы әкімдігінің

кейбір қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 823 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі № 84 (3141) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 31 шілдедегі № 83 (3159) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған):
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақта:
8) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ақпараттық және жарнамалық рәсімдеудің эскиздік жобасы мәтіндерінің тіл туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігіне келісім беру;»;
«11) орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің тіл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;»;
21-тармақта:
10) тармақша алынып тасталсын.
2) «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 110-399 қаулысында
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 898 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 46 (3251) «Астана ақшамы» және 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 46 (3269) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

2

2. «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы