«О возмещении затрат на обучение на дому с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О возмещении затрат на обучение на дому с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 02.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2021 114177_551470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LC005931
- ЭКБ идентификаторы
- 114177
- Редакция идентификаторы
- 114177_551470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:16
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өтеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады;
2 2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа ата-анасының біреуіне немесе үйде оқытылатын мүгелек балалардың заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
3
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелді);
4 4) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық кеңестің қорындысымен кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;
5 5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы; мүгедек баланың қайтыс болуы; мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Арал аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________Ғ.Тоғысова
02 тамыз 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Арал аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________Е.Жеткерұлы
02 тамыз 2017 жыл