Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отнесения должностных лиц уполномоченного органа в сфере гражданской авиации и его территориального органа к категориям государственных авиационных инспекторов

Бұйрық · № 432 · қабылданған 01.07.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114180/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил отнесения должностных лиц уполномоченного органа в сфере гражданской авиации и его территориального органа к категориям государственных авиационных инспекторов Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 ·01.07.2017
01.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отнесения должностных лиц уполномоченного органа в сфере гражданской авиации и его территориального органа к категориям государственных авиационных инспекторов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отнесения должностных лиц уполномоченного органа в сфере гражданской авиации и его территориального органа к категориям государственных авиационных инспекторов
Атауы (қаз.)
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
432
Қабылданған күні
01.07.2017
Көрсетілген редакция
01.08.2019 114180_414823.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015497
ЭКБ идентификаторы
114180
Редакция идентификаторы
114180_414823
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:36

0 Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-6-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс – қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров________________
2017 жылғы «___» ____________

0 Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 1 шілде
№ 432 бұйрығымен бекітілді
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-6-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу тәртібін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік авиация инспекторлары әуе кемелерінің ұшуын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысына қызмет көрсету бөлігінде арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары арасынан тағайындалады.

2 2-тарау. Уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу тәртібі

3 3. Мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына мыналар жатады:

Комитеттің төраға орынбасарлары болып табылатын бас мемлекеттік авиация инспекторлары;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болып табылатын бас мемлекеттік авиация инспекторлары;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бас сарапшылары болып табылатын аға мемлекеттік авиация инспекторлары;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің сарапшылары болып табылатын мемлекеттік авиация инспекторлары;
Комитеттің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясының басшысы болып табылатын бас мемлекеттік авиация инспекторы;
Комитеттің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясының бас мамандары болып табылатын аға мемлекеттік авиация инспекторлары;
Комитеттің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясының жетекші мамандары болып табылатын мемлекеттік авиация инспекторлары.

Қолданыстағы