Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Бұйрық · № 343 · қабылданған 10.07.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114184/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған 02.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық № 343 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления мер безопасности органами военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
343
Қабылданған күні
10.07.2017
Көрсетілген редакция
02.05.2023 114184_631650.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015496
ЭКБ идентификаторы
114184
Редакция идентификаторы
114184_631650
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:33
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы

«Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты алғашқы ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 10 шілдедегі
№ 343 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция
органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы
қағидалары

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының (бұдан әрі – әскери полиция органдары) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Әскери бөлімдер немесе мекемелердегі әскери қызметті атқару мен жұмыс ерекшелігін ескере отырып, әскери полиция органдарымен қауіпсіздік шаралары:

1) әскери қызметшілерге, әскери жиындар өту кезіндегі запаста тұрған азаматтарға;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері немесе мемлекеттік мекемелеріндегі (бұдан әрі – әскери бөлімдер мен мекемелер) азаматтық персонал адамдарына қатысты қолданылады.

3. Әскери полиция органдары осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдардың ауызша (жазбаша) өтініші негізінде немесе өзіндік бастамасымен оларға қатысты қауіпсіздік шараларын қолданады.

4. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру кезінде әскери полиция органының бастығымен бекітілетін жоспар құрылады.

Жоспарда:

1) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін тартылатын әскери полиция органдарының күштері мен құралдары, соның ішінде арнайы көлік құралдарының тізімі;

2) өзара іс-қимыл, сондай-ақ әскери бөлімдер мен мекемелердің тартылатын бөлімшелері туралы мәлімет;

3) қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудың басталуы мен аяқталуы қарастырылады.

5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, қылмыстық процеске қатысатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шаралары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 96-бабының және «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Шұғыл қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет болған кезде әскери бөлімнің командирі (мекеменің бастығы) әскери полиция органының талап етуі бойынша, жоғары тұрған қолбасшылықтың ауыстыру туралы өкімі, бұйрығы келіп түскенге дейін қорғалатын адамды басқа әскери бөлімге (мекемеге) уақытша ауыстыруды жүзеге асырады.

7. Әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы әскери қызметшіге қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 972 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 8266 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес оны жалпы камерадан жеке камераға (карцер) ауыстыруды жүзеге асырады.

8. Қауіпсіздік шаралары осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар туралы мәліметтің құпиялығын сақтай отырып жүзеге асырылады.