О ставках земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/4
- Қабылданған күні
- 25.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2018 114187_300874.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LI005941
- ЭКБ идентификаторы
- 114187
- Редакция идентификаторы
- 114187_300874
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:25
0 Жер салығының
мөлшерлемелері туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы
Кодексінің 386-бабының 5-тармағына және 444-бабының 1-тармағына,
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері сегіз есеге жоғарылатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3
3. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5307 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 жетоқсандағы №48/8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
"Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Шиелі ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Абдрахманов ______________
"25 " шілде 2017 жыл