Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете

Бұйрық · № 378 · қабылданған 22.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114242/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете Қолданыста Бұйрық ·№ 378 ·22.06.2017
25.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете

Қолданыста Бұйрық ·№ 378 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи удостоверения члена экипажа лицам летного состава, кабинного экипажа, инженерно-техническому составу, обеспечивающему техническое сопровождение полетов, и персоналу, обеспечивающему безопасность воздушного судна в полете
Атауы (қаз.)
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
378
Қабылданған күні
22.06.2017
Көрсетілген редакция
25.03.2024 114242_691081.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015478
ЭКБ идентификаторы
114242
Редакция идентификаторы
114242_691081
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:43

0 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
______________К. Мәсімов
2017 жылғы 12 шілде

1 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 378 бұйрығымен
бекітілген
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру және «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласының тұрақты дамуын, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

2 2) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) азаматтық әуе кемелерін пайдаланатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

3-1

3-1. Экипаж мүшесінің куәлігін бергені үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалған тәртіп пен мөлшерде ақы алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бюджетіне төлем түскеннен кейін көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызмет алушы осы қызметкерлер іс жүзінде жұмыс істейтін авиакомпания не оның филиалы (өкілдігі) тіркелген жер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына алдын ала келісуге мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әліпбилік тәртіпте жасалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу негізі мен қызметкерлер тізімін көрсете отырып, бірінші басшының не оның орнын басатын адамның қолы қойылған бланкіде өтінім-хат жібереді.
6. Өтінім-хатты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары келген күннен бастап 20 жұмыс күн ішінде қарайды және ілеспе хатпен авиакомпанияға қайтарылады, онда өтінім-хатта көрсетілген әрбір қызметкер бойынша атап-атап экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) беруге кедергі келтіруі мүмкін мәліметтердің жоқтығы не барлығы туралы жазылады.

6-1

6-1. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.

6-2 6-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

2 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

7 7. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда көрсетілетін қызмет алушы мынадай құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жолдайды:

1 1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

2 2) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9 x 12 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;

3 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

4 4) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

5 5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;

6

6) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі.

8 8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажет құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының порталында «жеке кабинетке» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін сұраудың қабылдануы туралы мәртебе жіберіледі.

9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпаратты олар алынған күні тіркейді, мәртебесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы хабарланады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталған соң, демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

10 10. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және ЭМК жасайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:

1 1) авиакомпанияның ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2 2) ЭМК алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту болып табылады.

11-1

11-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ЭМК немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

12 12. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жалпы мерзімі ЭМК алу үшін хат-өтінімі тіркелген сәттен бастап жеті жұмыс күн.

13 13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама ЭМК дайындығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.
14. ЭМК Қазақстан Республикасының резиденттеріне 3 жыл мерзімге беріледі және басқа адамға берілмеуі тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына берген жағдайда ЭМК қолданыс мерзімі авиациялық персонал куәлігін тану мерзіміне сәйкес келеді.
15. ЭМК жоғалтқанда немесе бүлдіргенде ЭМК-ні беру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
16. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы және ЭМК бүлдірілген жағдайда пайдаланушы берілген ЭМК-ті уәкілетті ұйымға қайтарады.

3 3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

17 17. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті берушімен - ол тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

1.1 «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды
қамтамасыз етуші инженерлік-
техникалық құрамға және ұшу
кезінде әуе кемесінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
персоналға экипаж мүшесі
куәлігін беру қағидаларына
1-қосымша
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Эки­паж мү­ше­сі­нің ку­ә­лі­гі (бұ­дан әрі – ЭМК) не осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 9-ба­ға­нын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы бе­рі­ле­ді. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ны­са­ны: Элек­трон­дық / қа­ғаз тү­рін­де.
6.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық авиа­ци­я­сы са­ла­сын­да­ғы тө­лем­дер­ді алу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2023 жы­л­ғы 24 на­уры­зда­ғы № 177 (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 32120 бо­лып тір­кел­ген) және «Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ақы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рі­нің тіз­бе­сін және аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы тө­лем мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2023 жы­л­ғы 17 на­уры­зда­ғы № 167 бұй­рық­та­ры­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 32089 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы тәр­тіп­те және мөл­шер­ле­ме­лер бой­ын­ша ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
Тө­лем екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер қол­ма-қол неме­се қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7.
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі ас­қа үзіл­іспен са­ғат 08.30-дан 17.30-ға дей­ін;
2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін;
3) пор­тал – тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған соң, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ны­сан­да) көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
8.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (не се­нім­хат бой­ын­ша оның уәкі­лет­ті өкі­лі) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша хат-өті­нім;
2) ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың кө­шір­ме­сі;
3) ЭМК алушы­ның те­гін, атын, әке­сі­нің атын (бар болған кез­де), ла­у­а­зы­мын көр­се­те оты­рып, же­ке қо­лы үл­гі­сі­нің, мөл­ше­рі 9x2 түр­лі-тү­сті (күң­гірт) фо­то­ның (jpg гра­фи­ка­лық фор­мат­та бас ки­ім­сіз және ны­сан­ды ки­ім­де) кө­шір­ме­сі;
4) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
5) мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да, авиа­ци­я­лық пер­со­нал­дың қол­да­ны­с­та­ғы ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі (ұшу құ­ра­мы­ның адам­да­ры­на, ұшу­ды тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­тін ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­рам­ға);
6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның ке­лі­су ха­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
7) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу), авиа­ци­я­лық пер­со­нал­дың қол­да­ны­с­та­ғы ку­ә­лі­гі­нің (ұшу құ­ра­мы­ның, ка­би­на эки­па­жы­ның адам­да­ры­на, ұшу­ды тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­де­уді қам­та­ма­сыз ете­тін ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­рам­ға) ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ден ала­ды;
8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге қыз­мет ақы­сын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Авиа­ция пер­со­на­лы­ның ше­тел­дік сер­ти­фи­кат­та­рын ұсын­ған жағ­дай­да аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым­ның осы ку­ә­лік­тер­ді рас­та­удың кө­шір­ме­сін қо­са бе­ру қа­жет.
Ұшу­да әуе ке­ме­сі­нің авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін пер­со­нал үшін ИКАО оқу ор­та­лы­ғын­да алын­ған авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы сер­ти­фи­кат­тың кө­шір­ме­сі.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭМК алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) ЭМК алу үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) За­ңы­ның 108-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­ның ЭМК алу үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­а­бы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­ла­ды.
10.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту, со­ның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ерекше­лік­те­рін ес­ке­ру­мен өзге та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мы­на­дай ин­тер­нет-ре­сур­ста ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы www.​caa.​gov.​kz.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу мүм­кін­ді­гіне ие. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну­дың бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы: 1414, 8 800 080 7777 алу­ға бо­ла­ды.

1.2 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесі куәлігін беру қағидаларына

2-қосымша
1. ЭМК алуға негіздеме.
2. Әліпбилік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі.
3. Мынадай талаптарды сақтау туралы міндеттеме:

1 1) ЭМК көшірмелерін дайындауға және пайдалануға, әуежай аумағында өндірістік қызметке байланысты емес уақытта болуға жол берілмейді;

2 2) өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты шекаралық, кеден және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;

3 3) ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша, сондай-ақ авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің басшылары (инспекторы) қол қойған актіні жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде тапсыру.

4. Авиакомпанияның бірінші басшысының не оның орнын басатын адамның қолы.
5. Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электрондық мекенжайы.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін _______________________
20 __ жылғы «___» _____________

1.3 Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесі куәлігін беру қағидаларына

3-қосымша
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
ЭМК №
Жы­ны­сы
Ту­ған кү­ні, аза­мат­тығы
Же­ке ку­ә­лік­тің де­ректе­рі
Ат­қа­ры­ла­тын ла­у­а­зы­мы
Ұшу қыз­мет­тің ба­ста­луы
Авиа­пер­со­нал ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі
Тұр­ғы­лық­ты же­рі
Же­ке қо­лы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Қа­зақ ті­лі
Орыс тілі
Ағылшын тілі

Қолданыстағы