Құжат мәтініне өту

Об утверждении размера стоимости призов для чемпионов и призеров спортивных соревнований, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и местными исполнительными органами

Бұйрық · № 219 · қабылданған 28.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114267/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении размера стоимости призов для чемпионов и призеров спортивных соревнований, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и местными исполнительными органами Қолданыста Бұйрық ·№ 219 ·28.07.2017
28.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении размера стоимости призов для чемпионов и призеров спортивных соревнований, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и местными исполнительными органами

Қолданыста Бұйрық ·№ 219 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении размера стоимости призов для чемпионов и призеров спортивных соревнований, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и местными исполнительными органами
Атауы (қаз.)
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
219
Қабылданған күні
28.07.2017
Көрсетілген редакция
28.07.2017 114267_217868.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015562
ЭКБ идентификаторы
114267
Редакция идентификаторы
114267_217868
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:18

0 Дене шынықтыру және спорт саласындағы

уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы
органдар өткізетін спорттық жарыстардың
чемпиондары мен жүлдегерлері үшін
жүлделер құнының мөлшерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне арналған жүлделер құнының мөлшері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2)осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2017 жылғы « » ________

0 Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне арналған жүлделер құнының мөлшері

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2017 жылғы
29 шілдедегі № 219
бұйрығымен бекітілді
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне арналған жүлделер құнының мөлшері
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстарда орын алған чемпиондар мен жүлдегерлер
Жүлделер құнының мөлшері, теңге
Команда үшін
Спортшы үшін
Чемпион (1-орын алған спортшы/команда)
10 000 дейін қоса алғанда
7 000 дейін қоса алғанда
Жүлдегер (2-орын алған спортшы/команда)
9 000 дейін қоса алғанда
6 500 дейін қоса алғанда
Жүлдегер (3-орын алған спортшы/команда)
8 000 дейін қоса алғанда
6 000 дейін қоса алғанда

Қолданыстағы