Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений социального обеспечения, не являющихся государственными служащими
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений социального обеспечения, не являющихся государственными служащими
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудiң ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39_П
- Қабылданған күні
- 22.02.2002
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2009 AI11430_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001764_
- ЭКБ идентификаторы
- 11430
- Редакция идентификаторы
- AI11430_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:16
0 Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудiң ережесін бекіту туралы
Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.03.30 N 106-ө Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысын іске асыру және мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің стажын есептеу бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
4 Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудiң ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Министрiнiң 2002 жылғы
22 ақпандағы N 39-ө бұйрығымен
"бекiтiлген"
Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк
қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы
бойынша жұмыс стажын есептеудiң
ЕРЕЖЕСI
1 1. Осы Ереже мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудiң тәртiбi мен шартын реттейдi.
2 2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк мекемелерде және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда сол мамандық бойынша жұмыс iстеген барлық уақыт есептеледi, сондай-ақ:
1 1) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыт;
2
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерде, Iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызмет өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, соның iшiнде әскери комиссариаттың анықтамасы болғанда әскери қызметшiнiң тұтқында болған уақыты;