Құжат мәтініне өту

Об определении перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму села, сельского округа

Қаулы · № 271 · қабылданған 08.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114318/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму села, сельского округа Күшін жойған Қаулы ·№ 271 ·08.08.2017
10.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму села, сельского округа

Күшін жойған Қаулы ·№ 271 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму села, сельского округа
Атауы (қаз.)
Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
271
Қабылданған күні
08.08.2017
Көрсетілген редакция
10.09.2020 114318_480238.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UF004196
ЭКБ идентификаторы
114318
Редакция идентификаторы
114318_480238
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:13

0 Ауыл, ауылдық округ әкімінің

басқаруына берілетін аудандық
коммуналдық меншіктің тізбесін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2-1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 122 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №148 қаулысымен бекітілген Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесіне сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А. Тұрсынқұловқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қазығұрт аудан әкімдігінің

2017 жылғы 8 тамыздағы
№271 қаулысына қосымша
Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесі

1 1. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалар (балабақша, мектеп, мәдениет үйі, кітапхана).

2 2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік (ғимарат, қызметтік автокөлік).

3 3. Ауданның мүлкі, оның ішінде аудандық коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлік:

1 1) иесі жоқ жылжымайтын заттар;

2 2) тасталған заттар;

3 3) мұраға қалдыру құқығы бойынша өткен мүлік;

4 4) иесіз қалған мүлік;

5 5) олжа;

6 6) қараусыз қалған жануарлар;

7 7) өз бетінше салынған құрылыс.

4 4. Жалпы пайдаланудағы объектілер және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік (автомобиль жолы, елді мекеннің көшесі, саябақ, сквер, бос уақытты өткізу орны, ескерткіш).

Қолданыстағы