О признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 11.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2017 114336_219083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17R0001402
- ЭКБ идентификаторы
- 114336
- Редакция идентификаторы
- 114336_219083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:11
0 Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші, осы шешімнің қосымшасына сәйкес, жойылды деп танылсын.
2 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының 2017 жылғы
11 тамыздағы № 137 шешіміне
қосымша
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 «Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну Ережелерін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 810 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпанда «Алматы ақшамы» газетінің № 18 санында және 2009 жылғы 14 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінің № 19 санында алғашқы ресми жарияланған);
2
2. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 315 «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы «Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну Ережелерін бекіту туралы» № 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 844 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 мамырда «Алматы ақшамы» газетінің № 62 санында және 2010 жылғы 22 мамырда «Вечерний Алматы» газетінің № 64 санында алғашқы ресми жарияланған);
3
3. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 79 «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы «Алматы қаласында өндіріс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережелерін бекіту туралы» № 163 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 964 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда «Алматы ақшамы» газетінің № 10 санында және 2013 жылғы 24 қаңтарда «Вечерний Алматы» газетінің № 9 санында алғашқы ресми жарияланған).