Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления коллекторским агентством сведений о лицах, самостоятельно или совместно с другим (другими) лицом (лицами) прямо или косвенно владеющих и (или) пользующихся, и (или) распоряжающихся десятью или более процентами долей участия в уставном капитале коллекторского агентства, или имеющих контроль

Қаулы · № 121 · қабылданған 30.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114369/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления коллекторским агентством сведений о лицах, самостоятельно или совместно с другим (другими) лицом (лицами) прямо или косвенно владеющих и (или) пользующихся, и (или) распоряжающихся десятью или более процентами долей участия в уставном капитале коллекторского агентства, или имеющих контроль Күшін жойған Қаулы ·№ 121 ·30.06.2017
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления коллекторским агентством сведений о лицах, самостоятельно или совместно с другим (другими) лицом (лицами) прямо или косвенно владеющих и (или) пользующихся, и (или) распоряжающихся десятью или более процентами долей участия в уставном капитале коллекторского агентства, или имеющих контроль

Күшін жойған Қаулы ·№ 121 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления коллекторским агентством сведений о лицах, самостоятельно или совместно с другим (другими) лицом (лицами) прямо или косвенно владеющих и (или) пользующихся, и (или) распоряжающихся десятью или более процентами долей участия в уставном капитале коллекторского агентства, или имеющих контроль
Атауы (қаз.)
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
121
Қабылданған күні
30.06.2017
Көрсетілген редакция
01.01.2020 114369_441128.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015557
ЭКБ идентификаторы
114369
Редакция идентификаторы
114369_441128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:37

0

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н.С. Айдапкелов ________________
2017 жылғы 25 шілде

0 Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы «30» маусымдағы
№ 121 қаулысымен
бекітілді
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары

1

1. Осы Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Коллекторлық қызмет туралы заң) сәйкес әзірленді және коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну тәртібін белгілейді.

2

2. Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша) электрондық форматта ұсынылады.

3 3. Егер есепті айда Мәліметтерге өзгерістер енгізілмеген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына Мәліметтер ұсыну талап етілмейді.

4 4. Қағаз тасымалдағыштағы мәліметтерге бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар, орындаушы қол қояды және коллекторлық агенттікте сақталады.

5 5. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдей болуын бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар қамтамасыз етеді.

20

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларына
қосымша
Есепті кезең: 20__ жылғы __________________ жағдай бойынша
Индекс: ЛКАУК_1
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын: коллекторлық агенттік
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-нан (онынан) кешіктірмей
1-кесте. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар (бұдан әрі - қатысушы (иелік етуші) туралы мәліметтер

Биз­нес - сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін) неме­се өзге сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі үшін)
Ре­зи­дент­тік
Ата­уы
Өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұл­ға үшін) (иә (жоқ), құқық бұ­зу­шы­лық­тың, қыл­мыстың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы, жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту негіз­де­рін көр­се­те оты­рып, қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы үкім­нің де­ректе­ме­ле­рі)
Құ­ры­л­тай­шы (ак­ци­о­нер, қа­ты­су­шы) не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі осы кол­лек­тор­лық агент­тікті «Кол­лек­тор­лық қыз­мет ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 6 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша ті­зі­лім­нен шы­ға­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған­ға дей­ін бір жыл­дан ас­пай­тын ке­зең­де бұ­ған дей­ін кол­лек­тор­лық агент­тіктің бі­рін­ші бас­шы­сы неме­се құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) болған бас­шы қыз­мет­кер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Қыз­мет тү­рі­нің си­па­ты
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы:
Қа­ты­су­шы­ға (ие­лік ету­ші­ге) ти­е­сі­лі қа­ты­су үле­сте­рі­нің кол­лек­тор­лық агент­тіктің
Же­ке
ті­ке­лей
жа­на­ма
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (тең­ге­мен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Қа­ты­су­шы (ие­лік ету­ші) кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­ріне сол ар­қы­лы ие­лік ете­тін ұй­ым­ға қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың/қа­ты­су үле­сте­рі­нің са­ны (да­на/тең­ге­мен)
Сол ар­қы­лы жа­на­ма ие­ле­ну жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ұй­ым­ның ата­уы
8
9
10
11
12
13
кестенің жалғасы:
жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі­нің жал­пы са­ны­на ара­қа­ты­на­сы
Бір­ле­сіп
ті­ке­лей
жа­на­ма
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (тең­ге­мен)
Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Қа­ты­су­шы (ие­лік ету­ші) кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­ріне сол ар­қы­лы ие­лік ете­тін ұй­ым­ға қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен)
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың/қа­ты­су үле­сте­рі­нің са­ны (да­на/тең­ге­мен)
Сол ар­қы­лы жа­на­ма ие­ле­ну жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ұй­ым­ның ата­уы
14
15
16
17
18
19
2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар тізбесі

Биз­нес - сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін) неме­се өзге сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі үшін)
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) (өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
Ба­қы­лау негіз­де­рі
Кол­лек­тор­лық агент­тікті ба­қы­лай­тын тұл­ға да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның 20 (жиыр­ма) пай­ы­зы­нан аста­мын (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін) ие­лік ете­тін ұй­ым­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ұй­ым­ның ата­уы
Ак­ци­я­лар­ға (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға) ие­лік ету үле­сі
1
2
3
4
5
6
Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
______________________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
______________________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Орындаушы
_________________________________________________ ____________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Телефон: ______________
Мәліметтерге қол қойылған күн 20_____ жылғы «_____» __________
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер нысанына
қосымша

1

1

1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3

3. Нысанды коллекторлық агенттік ай сайын жасайды және есепті айдан кейінгі айдың 10-нан (онынан) кешіктірмей толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

4 4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды.

2

5

5. Заңды тұлғалар бойынша 1-кестеде қатысушының (иелік етушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма пайызынан астамына ие жеке тұлғалар туралы мәліметтерге дейін қоса алғанда, коллекторлық агенттіктің акцияларын не жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иелік ететін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

6

6. 2-кестенің 3-бағанында жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болуы немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтындығы немесе ұшырағандығы (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін.

Қолданыстағы