Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 05-16/147 · қабылданған 08.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114371/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 05-16/147 ·08.08.2017
26.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 05-16/147 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05-16/147
Қабылданған күні
08.08.2017
Көрсетілген редакция
26.12.2017 114371_285132.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LG005951
ЭКБ идентификаторы
114371
Редакция идентификаторы
114371_285132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:13

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар

балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарды өтеу мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық
маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі-кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Шығындарды өтеуді «Жаңақорған аудандық жұмыспен

қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.

3

3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін уәкілетті органга немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Жаңақорған аудандық бөлімшесіне өтінішпен жүгінеді және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 25-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4 4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

1 1) он сегіз жасқа толғанда;

2 2) қайтыс болғанда;

3 3) мүгедектігін алып тастағанда;

4 4) интернат – үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

5 5) психологиялық–медициналық–педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

6 6) Жаңақорған ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан
бастап тоқтатылады.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңақорған аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысыны уақытша
міндетін атқарушы
С. Өмірбек ________________
«08» тамыз 2017 жыл.
«Жаңақорған аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі басшысының орынбасары
Ж.Мүсілім ________________
«08» тамыз 2017 жыл.

Қолданыстағы