О снятии ограничительных мероприятий на территории товарищества с ограниченной ответственностью «Тайынша Астык» в селе Зеленый Гай Тайыншинского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории товарищества с ограниченной ответственностью «Тайынша Астык» в селе Зеленый Гай Тайыншинского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі Зеленый Гай ауылының «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 31.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2017 114374_219405.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SKH04301
- ЭКБ идентификаторы
- 114374
- Редакция идентификаторы
- 114374_219405
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:59
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі Зеленый Гай ауылының «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 2 тамыздағы №14-29/115 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі Зеленый Гай ауылындағы «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының аумағында ветеринариялық режимнің енгізілуіне байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 шілдедегі № 3832 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамыздағы №33 «Тайынша Таңы», 2016 жылғы 5 тамыздағы №31 «Тайыншинские Вести» газеттерінде жарияланған),
2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленый Гай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының аумағында ветеринариялық тәртібін енгізуіне байланысты шектеу іс-шараларды белгілеу туралы» Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі №9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №3894 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазандағы №41 «Тайынша Таңы», 2016 жылғы 7 қазандағы №41 «Тайыншинские Вести» газеттерінде жарияланған).