Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Алгинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Алгинскому району
- Атауы (қаз.)
- Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 311
- Қабылданған күні
- 18.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2020 114471_448594.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CC005636
- ЭКБ идентификаторы
- 114471
- Редакция идентификаторы
- 114471_448594
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:07
0 Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алға ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2
2. Алға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 281 «Алға ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5034 тіркелген, «Жұлдыз-Звезда» аудандық газетінде 2016 жыл 30 қыркүйекте № 43 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.