Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил финансирования оборонных исследований

Бұйрық · № 403 · қабылданған 01.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114474/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил финансирования оборонных исследований Қолданыста Бұйрық ·№ 403 ·01.08.2017
12.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил финансирования оборонных исследований

Қолданыста Бұйрық ·№ 403 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил финансирования оборонных исследований
Атауы (қаз.)
Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
403
Қабылданған күні
01.08.2017
Көрсетілген редакция
12.04.2024 114474_697942.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015602
ЭКБ идентификаторы
114474
Редакция идентификаторы
114474_697942
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:16

0 Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырғанҚорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 403 бұйрығымен
бекітілген
Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) қорғаныстық зерттеулер –мемлекеттің әскери ұйымын, әскери өнерді дамыту, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту, әзірлеу және жаңа түрлерін енгізу, Қарулы Күштердіңқұрылымы және оны қамтамасыз ету, аумақтық қорғаныс мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық, қолданбалы, талдау және әлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;

2 2) қорғаныстық зерттеулер жөніндегі кеңес (бұдан әрі – ҚЗК)

– өз қызметін қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру бойынша шешім қабылдау мақсатында жүзеге асыратын Қорғаныс министрлігінің алқалық консультативтік-кеңесші органы;

3 3) ҚЗК-ның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – БҒД);

4 4) қорғаныстық зерттеулер жобасын орындаушы – ҚЗК айқындайтын заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – Орындаушы);

5

5) ҚЗК-ның уәкілетті органы – ҚЗК қызметін қамтамасыз етуді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге Өтінімдер тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) жасауды, сондай-ақ қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру бойынша ҚР ҚМ іс-шараларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ғылым саласындағы ҚР ҚМ уәкілетті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

6 6) қорғаныстық зерттеулердіәлеуетті орындаушы – қорғаныстық зерттеулерді орындауға жобаны берген заңды немесе жеке тұлға (бұдан

әрі – Әлеуетті орындаушы);

7

7) сараптама қорытындысы – сарапшы жасайтын және оның қорғаныстық зерттеулер жобасына жүргізген сараптама нәтижелері, оның алдына қойылған мәселелер бойынша оның қорытындыларытуралы мәліметтерді,сондай-ақ объективті және Тапсырыс берушінің және Әлеуетті орындаушының мүдделерінен тәуелсіз талдамалық бағалаудықамтитын құжат;

8 8) сарапшы – сараптауды жүргізетін және сараптама қорытындысын ұсынатын сарапшылардың электрондық деректер базасына (бұдан әрі – ЭДБ) енгізілген жеке немесе заңды тұлға.

2 2-тарау. Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру

3 3. Тапсырыс беруші әрбір қорғаныстық зерттеу тақырыбына жеке Өтінім жасайды және уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін, қосымша Өтінімді – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауын алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жолдайды.

4 4. Уәкілетті орган Тапсырыс берушілердің Өтінімдерін жинауды жүзеге асырады және жыл сайын 15 қыркүйекке дейін Тізбенің жобасын жасайды және оны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК БШ бастығына бекітуге енгізеді.

5 5. Қосымша Өтінімді уәкілетті орган Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК БШ бастығымен бекітпей қосымша түрінде Тізбеге енгізеді.

6 6. Жобаларды жинау жөніндегі ақпаратты уәкілетті орган Өтінімдер тізбесі бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ҚР ҚМ интернет-ресурсына орналастырады.

7 7. ҚЗК-ның құрамын уәкілетті орган кемінде 15 адамды құрайтын ҚЗК мүшелерінің тақ санынан құрады және ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

8 8. Әлеуетті орындаушылардың тізімі ҚЗК отырысында бекітіледі.

9 9. ҚЗК-ның құрамы Қорғаныс министрлігі, Бас штаб басшылығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚМ), Бас штабы (бұдан әрі – БШ) және Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚК) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан құрылады, атап айтқанда:

ҚЗК қызметінің негізгі нысаны оның мүшелерін тікелей шақыру және төрағаның қатысуыарқылыөткізілетін ашық отырыс болып табылады.

10 10. ҚЗК отырысы, егер отырыста ҚЗК мүшелері қатарынан кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып табылады. ҚЗК отырысы қажеттілігіне қарай, бірақжылына кемінде екі рет өткізіледі.

11 11. Әлеуетті орындаушылар күнтізбелік он бес күн ішіндеӨтінімдертізбесін алғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық зерттеулер жобасы (бұдан әрі – Жоба) түрінде қорғаныстық зерттеулерді орындауға ұсыныстарды БҒД-ға жолдайды.

12 12. Әлеуетті орындаушылардың БҒД-ғабастамалықЖоба беруге құқығы бар.

13 13. БҒД Әлеуетті орындаушыдан Жобаны алғаннан кейін сараптама жүргізу және сараптамалық қорытынды алу үшін Жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің Әскери ғылыми-зерттеу орталығына (бұдан әрі – ҰҚУ ӘҒЗО) жолдайды.

14 14. ҰҚУ ӘҒЗО:

1 1) БҒД-ға жолданатын Өтінімдер тізбесі негізінде өтінімдердің электрондық деректер базасын (бұдан әрі – ЭДБ)қалыптастырады, оны өзекті етуді және сақтаудыжүзеге асырады;

2 2) Жобаға сараптама жүргізу үшін сарапшыларды сапалы іріктеуді жүзеге асырады, мемлекеттік құпияларға (қажеттілігі бойынша) рұқсаттамасы бар, мынадай талаптардың кемінде біреуіне сәйкес келетін сарапшылардың ЭДБ-сынқалыптастырады:

жеке тұлғалар үшін – тиісті біліктіліктің немесе дәрежесінің, Жоба тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
заңды тұлғалар үшін – тиісті салада сараптама жүргізуге лицензиясының бар болуы;

3 3) сараптама жүргізуді әдістемелік, ұйымдық-техникалық, құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

4 4) Жобаға сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

5 5) Жобаға сараптама жүргізу нәтижелерінің ЭДБ-сынқалыптастырады, оны өзекті етуді және сақтаудыжүзеге асырады.

15 15. Сарапшылар ретінде ҰҚУ ӘҒЗО мамандары, әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы тартылады.

16

16. Сараптама жүргізуге ҚР ҚМ, БШ және ҚК, тараптық ұйымдар өкілдерін немесе жеке тұлғаларды тарту қажет болған кездеҰҚУ ӘҒЗО Жобаны сараптамаға БҒД арқылы ҰҚУ ӘҒЗО мамандарының, әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушыларқұрамының күштерімен сараптама жүргізу мүмкін еместігін негіздей отырып, сондай-ақ сарапшының кандидатурасы бойынша нақты ұсыныстармен жолдайды.

17 17. Қорғаныстық зерттеулерге сараптама жүргізу осы Қағидаларға

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін тәуелсіздік, объективтілік, құзыреттілік, кешенділік, нақтылық, толықтық және негізділік қағидаттарына негізделген.

18 18. ҰҚУ ӘҒЗО БҒД-ғаЖобаны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішіндесараптамалық қорытындыны жолдайды.

19 19. Уәкілетті орган бекітілген Тізбені Жоба беруге ниет білдірген заңды және жеке тұлғаларға жолдайды.

20 20. Әлеуетті орындаушы он бес жұмыс күні ішінде бекітілген Тізбені алғаннан кейін Жоба әзірлейді және уәкілетті органға жолдайды.

21 21. Қорғаныстық зерттеулер тақырыбының соңғы тұжырымдамасын, оның Орындаушыларын, құнын, іске асырылу мерзімін және қаржыландыру мақсаттылығын көрсетуменЖоба қаралатын ҚЗК отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

22 22. Уәкілетті орган жобаны Әлеуетті орындаушыдан алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жобаға сараптама жүргізу үшін жобаны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығына (бұдан әрі – ҰҚУ ӘҒЗО) жібереді.

23 23. ҚЗК мүшелерінің дауыс саны тең болған кезде ҚЗК төрағасының даусы шешуші болып табылады.

24 24. ҚЗК отырысының хаттамасына ҚЗК төрағасы және хатшысы отырыс аяқталғаннан күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды және ол мыналарды:

1 1) ҚЗК отырысының күн тәртібін;

2 2) ҚЗК отырысы басталған және аяқталған күндерді;

3 3) отырысқа қатысқан ҚЗК мүшелері туралы мәліметтерді;

4 4) ҚЗК-да дауыс беруге қойылған мәселелерді және олар бойынша дауыс беру қорытындыларын(нәтижелерін);

5 5) ҚЗК шешімі бойынша өзге де мәліметтерді қамтиды.

25 25. ҚЗК мүшесінің ҚЗК-ға дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда ҚЗК хатшысы хаттамаға тиісті жазбаны енгізеді.

26 26. ҰҚУ ӘҒЗО уәкілетті органға сараптық қорытындыны отыз күнтізбелік күн ішінде Жобаны алғаннан кейін жолдайды.

27 27. ӘҒЗО-дан Жобаларға қорытындылар алғаннан кейін уәкілетті орган ҚЗК-ның кезекті отырысы күніне дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей қорытындыны ҚЗК мүшелеріне қарауға жолдайды.

28 28. Бұйрық бекітілгеннен кейін БҒД қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыруға бюджеттік өтінімдіжасайды және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаментіне (бұдан әрі – ЭҚД) жолдайды.

29 29. ҚЗК отырысының хаттамасы негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін (бұдан әрі – Бұйрық), Тапсырыс берушіні, тақырыптар атауын, орындаушыны, қатысушылар құрамын, Жобаның құны мен орындау мерзімін қамтитын Қорғаныстық зерттеулер тізбесін жасайды.

30 30. Бекітілген Тізбе Жобаны орындаушысымен және оны қаржыландырушымен шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

31 31. Тізбе бекітілген сәттен бастап уәкілетті орган он күнтізбелік күн ішінде қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыруға бюджеттік өтінім құрайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментіне (бұдан әрі – ЭҚД) жолдайды.

32 32. БҒД Тапсырыс берушіден техникалық ерекшелікті алғаннан кейін Орындаушымен қорғаныстық зерттеулерді орындауға шарт жасасу жөніндегі жұмысты жүргізеді.

33 33. Уәкілетті орган Бұйрықтан үзінділерді Орындаушыға шарттың жобасын әзірлеу үшін және Тапсырыс берушіге техникалық ерекшелікті әзірлеу үшін жолдайды.

34 34. Бұйрықтан үзінділер алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Орындаушы уәкілетті органға шарттың жобасын жолдайды, Тапсырыс беруші уәкілетті органға техникалық ерекшелікті жолдайды.

35 35. Уәкілетті орган шарттың жобасын және техникалық ерекшелікті алғаннан кейін Орындаушымен шарт жасау бойынша жұмысты жүргізеді.

36 36. Қорғаныстық зерттеулерді жүргізу нәтижесі талаптары Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде сипатталған қорғаныстық зерттеулерді жүргізу туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) болып табылады.

Уәкілетті орган ҚЗК-ның кезекті отырысына дейін күнтізбелік қырық бес күн бұрын Тапсырыс берушілердің және ӘҒЗО-ның өкілдерінен Есептерге қорытынды алуды ұйымдастырады. Есеп бойынша қорытынды еркін нысанда ресімделеді. Есеп беру ҚЗК-ның отырысында қабылданады.

37 37. Жобаны іске асыру құнын Әлеуетті орындаушы Жобаға қатысушылар саны және қорғаныстық зерттеулердіжүргізуге шығындар нормативі негізінде айқындайды.

38 38. Жобаға қатысушылар саны (әлеуметтік Жобаны қоспағанда)

бес адамнан аспауғатиіс. Жобаға қатысушылар санына Жоба жетекшісі және екіден төртке дейінгіЖоба орындаушылары кіреді.

39 39. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2024 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

40 40. Жоба жетекшісі ғылым докторы (ғылым кандидаты, PhD докторы) ғылыми дәрежесі бар зерттеулер саласындағы маман немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және қорғаныстық зерттеулер тақырыбы саласында тәжірибесі бар«подполковник» және одан жоғары әскери атағы бар әскери қызметші болып табылады.

41 41. Жобаға қатысушылар ғылыми дәрежесі бар, магистр академиялық дәрежесі бар, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және қорғаныстық зерттеулер тақырыбы саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандар болуы мүмкін.

42 42. ҰҚУ ӘҒЗО уәкілетті органға жолданатын ЭДБ есептерін жасайды, оны өзектілендіруді және сақталуын жүзеге асырады.

43 43. Жоба жетекшісінің Жобаны орындау барысында қатысушыларды ауыстыруды не жобаның жалпы құнын арттырмай қосымша қатысушыларды тартуды жүзеге асыруға құқығы бар.

44 44. Тапсырыс беруші ұсынатын қорғаныстық зерттеулерді жүргізу мерзімі ҚЗК отырысында қаралады және бекітіледі. Қорғаныстық зерттеулерді жүргізу кезеңі бір жылдан аспауға және екі айдан аз болмауға тиіс.

45 45. Қорғаныстық зерттеулердіжүргізуге қосымша шығындар

тек ҚЗК-ның шешімі негізінде бөлінуі мүмкін, онда мақсаттары, қорғаныстық зерттеулерді жалғастыру үшін қажетті қосымша шығындардың негіздемесі және сомасы көрсетіледі.

46 46. Қорғаныстық зерттеулергекөрсетілетін қызметтерді төлеу Тапсырыс берушінің қорғаныстық зерттеулерді жүргізгені туралы есеп беруін қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.

47 47. Қорғаныстық зерттеулерге көрсетілетін қызметтерді төлеу заңнамада белгіленген тәртіппен жасасылған шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

48 48. Қорғаныстық зерттеулерге төлем жасалғаннан кейін қорғаныстық зерттеулерді жүргізу туралы есеп беруге зияткерлік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне өтеді.

49 49. ҰҚУ ӘҒЗО БҒД-ға жолданатын қорғаныстық зерттеулерді жүргізу туралы есеп берулердің ЭДБ-сынжасайды, оны өзекті етуді және сақтаудыжүзеге асырады.

1 Қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге өтінім

Қорғаныстық зерттеулерді
қаржыландыруқағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге
өтінім
Құрылымдық бөлімше: _________________________________________
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесінің атауы)
Тақырып: ____________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы)
Өзектілік негіздемесі: ______________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(зерттеуді жүргізу қажеттілігінеегжей-тегжейлі сипаттама)
Күтілетін нәтижелер: 1. __________________________________
2. __________________________________
3. __________________________________
(зерттеуден күтілетін нәтижелерге қысқаша сипаттама)
Іске асырудың болжамды мерзімі: _____________________________
(зерттеуді аяқтаудың болжамды айы мен жылы)
Болжамды мақсатты іссапарлар:
1. __________________________________________________________
2. __________________________________________________________
3. __________________________________________________________
4. __________________________________________________________
5. __________________________________________________________
(зерттеуді анағұрлым сапалы орындау үшін қайда шығу қажет болатын
орынды көрсету)
Құрылымдық бөлімше бастығы____________________________________
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесі бастығының, әскери бөлім командирінің қолы)
Әскери атағы ___________________________тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесі бастығының, әскери бөлім командирінің қолы)
Күні М.О.
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық
бөлімшесі,әскери бөлім)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Romanқарпімен, 14 көлемде толтырылады.

2 Қорғаныстық зерттеулерді

қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы
Әскери атағы ____________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
20___ ж. «____»_______________________
(күні)
Р/с №
Қорғаныстық зерттеулерге тапсырыс беруші
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесінің атауы, әскери бөлімнің № )
Қорғаныстық зерттеулер тақырыбы
(қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы)
Қорғаныс зерттеулерді іске асырудың болжамды мерзімдері
(зерттеуді аяқтаудың болжамды айы мен жылы)
1.
2.
3.
Уәкілетті органның бастығы
Әскери атағы ______________________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
Күн Мөрдің орны
(Уәкілетті орган)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Roman қарпімен, 14 көлемде толтырылады.

3 Қорғаныстық зерттеулерді

қаржыландыруқағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қорғаныстық зерттеулер жобасы
тақырыбы: «_________________________________________________________________»
(қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы)
1. Қорғаныстық зерттеу мақсаты________________________________________________
2. Қорғаныстық зерттеудің міндеттері:
1)___________________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________________
3.Зерттеудің әдіснамасы және әдістемесі
____________________________________________________________________________
4.Қорғаныстық зерттеулерді өткізу туралы есептің болжамды
құрылымы_____________________________________________________________________
5.Күтілетін нәтижелер: 1. __________________________________________________
2. __________________________________________________
3. __________________________________________________
(жаңалық дәрежесін көрсетумен зерттеуден күтілетін нәтижелерге
қысқаша сипаттама)
6. Жобаға қатысушылар туралы мәліметтер
Р/с№
Әскери атағы
ТАӘ
(толық)
Атқаратын лауазымы
(толық)
Дәрежесінің бар болуы (ғылыми, академиялық)
Білімі
Зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі
(зерттеу тақырыбы саласындағы лауазымды көрсетумен жылдары)
Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған мақалалардың, оқубасылымдарыныңбар болуы (басып шығарылған жылы мен орнын көрсетумен)
Ғылыми кеңесші
1.
Қатысушылар
2.
3.
4.
5.
7. Болжамды мақсатты іссапарлар
Р/с№
Іссапарға жіберу орны
Іссапар кезеңі және ұзақтығы
Іссапарға келушілер, әскери атағы, Т.А.Ә.
Іссапар мақсаты
1.
2.
8. Ұсынылатын пайдаланылған әдебиеттер тізбесі.
9. ҚЗ орындалу барысынталқылау жөнінде ұсынылатын іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференцияларжәнет.б.).
10. Есеп беру нәтижелері жарияланымдарының ұсынылатын түрлері (монографиялар, конференция материалдары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.).
11. Қорғаныстық зерттеулерді іске асыру кезеңінің ұзақтығы ______________________
(аймен)
12. Қорғаныстық зерттеулерді жүргізудің күнтізбелік жоспары
Р/с№
Іс-шаралар атауы
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушы
Ескертпе
1
2
3
4
13. ҚЗ құны есебі(құны (сомасы, жалпы сомасы)көрсетілетін бағандар ұлттық валютада толтырылады, өлшем бірлігі – теңге; шығындар түрінен тыс барлық кестелер толтырылады; шығындарға қажеттілік болмаған кезде құны (сомасы, жалпы сомасы) бағандарында 0 теңге деген белгі қойылады):
1) Еңбекке ақы төлеу шығындары
Жоба қатысушылары
Еңбеккеақы төлеу шығындары және еңбекке ақы төлеу бойынша төлемді есептеу
Сома (айына)
Айлар саны
Жалпы сомасы
Жетекші
1 орындаушы
2 орындаушы
3 орындаушы
ЖИЫНЫ
2) материалдарды сатып алуға арналған шығындар
Материалдар атауы
Материалдарды сатып алуға арналған шығындар
Құны (бірлік(дана) үшін)
Бірлік саны (дана)
Жалпы сомасы
1
2
3
ЖИЫНЫ
3) негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар
Негізгі құралдардың атауы
Негізгі құралдарды сатып алуға шығындар
Құны (бірлік (дана) үшін)
Бірлік саны (дана)
Жалпы сомасы
1
2
3
ЖИЫНЫ
4) материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар
Материалдық емес активтер атауы
Материалдық емес активтерді сатып алуға шығындар
Құны (бірлік (дана) үшін)
Бірлік саны (дана)
Жалпы сомасы
1
2
3
ЖИЫНЫ
5) басқа мекемелердің, ұйымдар мен мамандардың жұмыстарына жәнекөрсетілетін қызметтерінеарналған шығындар
Басқа мекемелер, ұйымдармен мамандар жұмысының және көрсетілетін қызметтерініңатауы
Басқа мекемелер, ұйымдар мен мамандар жұмыстары және көрсетілетін қызметтері шығындары
Құны (жұмыс (қызмет)үшін)
Жұмыс (қызмет) саны
Жалпы сомасы
1
2
3
ЖИЫНЫ
6) іссапар шығыстарының шығындары
Жоба қатысушылары
Іссапарға бару орны
Іссапар кезеңі және ұзақтығы
Жол құны
Тәуліктік
Тұру үшінтөлем
Жалпы сомасы
Жетекші
1 орындаушы
2 орындаушы
3 орындаушы
ЖИЫНЫ
7) Қосымша шығындар:әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруқорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар, қосылған, рентабельділіксалық құны, кенеттентуындайтын тапсырмалар.
8) Қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге шығындар
Р/с№
Шығындар атауы
Жалпы сомасы
1
Еңбеккеақы төлеугеарналған шығындар және еңбекақыбойынша төлемдердіесептеулер
2
Материалдарды сатып алуға арналған шығындар
3
Негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар
4
Материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар
5
Басқа мекемелердің, ұйымдардың және мамандардың жұмысына және көрсетілетін қызметтеріне арналғаншығындар
6
Іссапар шығыстарына арналған шығындар
7
Қосымша шығындар (әлеуметтік төлемдер, кенеттентуындайтын міндеттерге, рентабельділікке арналған шығындар)
ЖИЫНЫ
Қорғаныстық зерттеулер жобасының жетекшісі ______________тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
Ұйым басшысы (бар болған жағдайда) _________________тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
Күні М.О.
(ұйым мөрі)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Romanқарпімен, 14 көлемде толтырылады.

4 Қорғаныстық зерттеулерді

қаржыландыруқағидаларына
4-қосымша
Нысан
«_______________________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________»
тақырыбына қорғаныстық зерттеулер
жобасына сараптама қорытындысы
Бағалауөлшемшарттарының
атауы*
Балдық баға**
Күшті және әлсіз жақтарын көрсетумен сарапшының түсіндірмелері
жоғары
(7-ден 9-ға дейін)
орташа
(4-тен 6-ға дейін)
төмен
(1-ден 3-ке дейін)
І
Ғылыми жаңалық, перспективалылығы
ІІ
Қолданылатын әдіснаманы және есеп беру құрылымын бағалау
ІІІ
Күтілетін нәтижелерді бағалау
ІV
Сұрау салынатын қаржыландыру көлемініңэкономикалық негізділігін бағалау
V
Жобаға қатысушыларды іріктеу сапасын бағалау

Пайдаланылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердің сәйкес келуін бағалау
БАЛЛ СОМАЛАРЫ:
ҚОРЫТЫНДЫ
СОМАСЫ:
Қорғаныстық зерттеулер жобасының сарапшысы
Атқаратын лауазымы
Әскери атағы (бар болған кезде) _________тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
* Зерттеулерді бағалаудың қосымша өлшемшарттарыТапсырыс берушінің ұсынысы бойынша белгіленеді.
** Әрбірөлшемшарт бойынша сараптамалық қорытындыда төменде көрсетілген бағалау жүйесіне сәйкес баға (балл) қойылады, жалпы балл бағаларды жинақтау жолымен есептеледі:
Сараптау объектісін сараптамалық бағаларының жүйесі
Р/с

Шекті баға
Баға
(балл)
Күшті және әлсіз жақтарын көрсетумен бағаларға сипаттама
1.
Жоғары
9
Ерекше.
Әлсіз жақтарынсыз
2.
Жоғары
8
Елеусіз әлсіз жақтарының ең аз санымен
3.
Өте жақсы
7
Елеусіз әлсіз жақтарының ең аз санымен
4.
Орташа
6
Өте жақсы. Көптеген елеусіз әлсіз жақтарымен
5.
Жақсы
5
Кейбір күшті
жақтарымен және шекті әлсіз жақтарымен
6.
Қанағаттандырлық
4
Кейбір күшті
жақтарымен,бірақ бір
елеулі әлсіз жағымен
7.
Төмен
3
Әлсіз. Елеусіз күшті жақтарымен және көптеген әлсіз жақтарымен
8.
Қанағаттандырарлықсыз
2
Күшті жақтарынсыз және елеулі әлсіз жақтарымен
9.
Аса
қанағаттандырарлықсыз
1
Күшті жақтарынсыз

5 Қорғаныстық зерттеулерді

қаржыландыруқағидаларына
5-қосымша
Нысан
«__________________________________________________________»
(қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы)
тақырыбына қорғаныстық зерттеулерді
жүргізуге техникалық ерекшелік
1.Қорғаныстық зерттеулерді орындау үшін негіздеме
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі 20___ жылғы__. ___.
бекіткен қорғаныстық зерттеулер тізбесінің№__ тармағы.
2.Қорғаныстық зерттеулер мақсаты:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3. Қорғаныстық зерттеулер міндеті:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
4.Қорғаныстық зерттеулерге қойылатын талаптар
(күтілетін нәтижелердің қысқаша сипаттамасы):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
5.Қорғаныстық зерттеулерді орындауды аяқтау бойынша ұсынылған
ғылыми, техникалық және басқа да құжаттама тізбесі:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
6.Қорғаныстық зерттеулерді орындау туралы есеп беруді ресімдеуге
қойылатын талаптар(қаріп, формат, суреттерді, кестелерді ресімдеу,
деректер анықтамасы, қосымша, суреттержәне т.б., түптеу,
тілдікталаптар жәнет.б.):_____________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
7.Қорғаныстық зерттеулерді орындау туралы есеп беруді қабылдауға
қойылатын талаптар (авторлық құқық объектісіне мемлекеттік
тіркеу құқығы куәлігінің бар болуы, есептердің саны, электрондық
нұсқаның бар болуы, есептің барынша төмен жәнебарынша жоғары
көлемі, зерттеу тақырыбы бойынша қосымша құжаттаманың бар болуы
– нормативтік құқықтық актілер жобасы, анықтамалар және т.б.):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
8.Қорғаныстық зерттеулерді орындау мерзімі (айы және жыл):
басталуы: ___________________
аяқталуы: ___________________
9.Жеткізу базисі: _____________________________________________
Құрылымдық бөлімшенің бастығы__________________________________
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесінің атауы, әскери бөлімнің № )
Әскери атағы ________________________ тегі, әкесінің тегі
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшелері бастықтарының, әскери бөлім
командирінің қолы)
М.О.
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық
бөлімшесі, әскери бөлім)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Romanқарпімен, 14 көлемде толтырылады.

6 Жоба құнын айқындау үшін шығындардың нормативтері

Қорғаныстық зерттеулерді
қаржыландыруқағидаларына
6-қосымша
Жоба құнын айқындау үшін шығындардың нормативтері

50 50. Заңды тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

Нқз = Нжн +
Ншм + Ннқ+ Нна+
Нқызм+ Ніш+Нкқ
+ Нжқ,
Мұнда:
Нжн – қорғаныстық зерттеуді жүргізуге арналған шығындардың жалпы нормативі;
Нет– еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулер нормативі;
Ншм–материалдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі;
Ннқ– негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі;
Нмеа–материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар нормативі;
Нқызм
– басқа кәсіпорындардың, ұйымдар мен мамандардың жұмыстары мен көрсетілетін қызметтеріне арналған шығындар нормативі;
Ніш– іссапар шығыстарына арналған шығындар нормативі.
Қорғаныстық зерттеулерді жүргізу кезінде пайдаланылмайтын шығындар нормативтері заңды тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативінің формуласынан алып тасталады.
Еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулернормативі (
Нет) қорғаныстық зерттеулер жобасына қатысушылардың (бұдан әрі – Жобаға қатысушылар) еңбегіне ақы төлеуді қамтиды.
Жобаға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері мынадай есеппен белгіленеді:

1 1) Жоба жетекшісі үшін – ғылыми-зерттеу институты басқармасы бастығының (CKKU-7) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;

2 2) Жобаны орындаушылар үшін қатысу дәрежесіне байланысты:

ғылыми-зерттеу инситутының бас ғылыми қызметкерінің (CKKU-16) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;
ғылыми-зерттеу институты жетекші ғылыми қызметкерінің
(CKKU-18) лауазымдық айлықақысы, ай сайын.
Материалдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі (
Ншм) қорғаныстық зерттеулер үшін тікелей пайдаланылатын шығыс материалдарын сатып алуға арналған шығындарды, зерттеу бойынша материалдарды жариялауға және аударуға, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруғаарналған шығыстарды қамтиды.
Бұл ретте осы шығыстар материалдардың түрлері, типтері бойынша бөлінуі мүмкін және белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.
Негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі (Ннқ) қорғаныстық зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми жабдықты сатып алуға арналған шығындарды қамтиды.
Материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар нормативі (
Нмеа) қорғаныстық зерттеулерді жүргізу үшін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға арналған шығындарды қамтиды.
Басқа мекемелердің, ұйымдар мен мамандардың жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне арналған шығындар нормативі (
Нқызм) басқа мекемелер, ұйымдар мен мамандар орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығындарды, зерттеулерді аударуға, ғылыми зерттеулер жарияланымдарын дайындауға және нәтижелерін жариялауға, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды басып шығаруғаарналған шығыстарды, патенттеуге арналған шығыстарды, ақылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге арналған шығыстарды, ғарыш түсірілімдерін (аэрофототүсірілімдерді), метеорологиялық деректерді, зертханалық көрсетілетін қызметтерді, тәжірибелік үлгілерді дайындауға, сынақтарды жүргізуді ұйымдастыруға және осы зерттеуді жүргізу үшін басқа да көрсетілетін қызметтерге және жұмыстарға арналған шығыстарды қамтиды.
Іссапар шығыстарын төлеуге арналған шығындар нормативі (Ніш) Жобаларға қатысушылардың іссапар шығыстарын төлеуді қамтиды.
Іссапарлар санын зерттеуге Тапсырыс беруші ұсынады, алайда мыналардан аспауға тиіс:

1 1) Жобаға қатысушылар үшін – бес іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін;

2 2) әлеуметтік Жобаға қатысушылар үшін – он іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін.

Әрбір іссапардың ұзақтығы іссапар орнына дейін және кері қайтуға
жол жүруді ескере отырып, бес тәулікке дейінді құрайды.

51 51. Жеке тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

Нқз
= Нет + Ніш, мұнда:
Нжн – қорғаныстық зерттеуді жүргізуге арналған шығындардың жалпы нормативі;
Нет– еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулер нормативі;
Ніш– іссапар шығыстарына арналған шығындар нормативі.
Қорғаныстық зерттеулерді жүргізу кезінде пайдаланылмайтын шығындар нормативтері жеке тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативінің формуласынан алып тасталады.
Еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулернормативі (
Нет) Жобаға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді қамтиды.
Жобаға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері мынадай есеппен белгіленеді:

1 1) Жоба жетекшісі үшін – ғылыми-зерттеу институты басқармасы бастығының (CKKU-7) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;

2 2) Жоба орындаушылары үшін қатысу дәрежесіне байланысты:

ғылыми-зерттеу институты бас ғылыми қызметкерінің (CKKU-16) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;
ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкерінің
(CKKU-18) лауазымдық айлықақысы, ай сайын.
Іссапар шығыстарын төлеуге арналған шығындар нормативі (
Ніш) Жобаларға қатысушылардың іссапар шығыстарын төлеуді қамтиды.
Іссапарлар санын зерттеуге Тапсырыс беруші ұсынады, алайда мыналардан аспауға тиіс:
Жобаға қатысушылар үшін – бес іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін;
әлеуметтік Жобаға қатысушылар үшін – он іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін.
Әрбір іссапардың ұзақтығы іссапар орнына және кері қайтуға жол жүруді ескере отырып, бес тәулікке дейінді құрайды.

Қолданыстағы