Об установлении тарифов на перевозки пассажиров и багажа по Бурлинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении тарифов на перевозки пассажиров и багажа по Бурлинскому району
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 777
- Қабылданған күні
- 15.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2023 114535_619704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZC004888
- ЭКБ идентификаторы
- 114535
- Редакция идентификаторы
- 114535_619704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:09
0 Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар
мен багажды тасымалдау
тарифтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автокөлік туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
2 2. Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автокөлік тасымалдау тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3 3. «Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
4
4. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Утегеновке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөрлі аудандық мәслихатының хатшысы
__________________А.Куликешев
«15» тамыз 2017 жыл
7 Аудан әкімдігінің
2017 жылғы «15» тамыздағы
№777 қаулысына қосымша
Маршрут
№
Маршрут атауы
Қосылған құн салығымен қоса теңгемен берілген тариф
№4
«Ақсай – Бөрлі»
240
№5
«Ақсай – Қанай»
290
№7
«Ақсай – Пугачев» (Аралтал арқылы)
130
№9
«Ақсай – Березов»
240
№11
«Ақсай – Киров»
480
№12
«Ақсай – Жаңаталап»
480
№13
«Ақсай – Бестау»
320
№14
«Ақсай – Успенов»
480
№15
«Ақсай – Григорьев»
240
№17
«Ақсай – Тихонов»
480
№18
«Ақсай – Ақбұлақ»
400
№20
«Ақсай – Облав»
480
№21
«Ақсай – Александров»
480
№23
«Ақсай – Приурал»
480
№24
«Ақсай – Ақсу»
400
№25
«Ақсай – Қарашығанақ» (Жарсуат, Димирово арқылы)
560