Об установлении тарифов на перевозки пассажиров и багажа по Бурлинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении тарифов на перевозки пассажиров и багажа по Бурлинскому району
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 777
- Қабылданған күні
- 15.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2023 114535_619704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZC004888
- ЭКБ идентификаторы
- 114535
- Редакция идентификаторы
- 114535_619704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:09
0 Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар
мен багажды тасымалдау
тарифтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автокөлік туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
2. Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автокөлік тасымалдау тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. «Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
4. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Утегеновке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөрлі аудандық мәслихатының хатшысы
__________________А.Куликешев
«15» тамыз 2017 жыл
7 Аудан әкімдігінің
2017 жылғы «15» тамыздағы
№777 қаулысына қосымша
Маршрут
№
Маршрут атауы
Қосылған құн салығымен қоса теңгемен берілген тариф
№4
«Ақсай – Бөрлі»
240
№5
«Ақсай – Қанай»
290
№7
«Ақсай – Пугачев» (Аралтал арқылы)
130
№9
«Ақсай – Березов»
240
№11
«Ақсай – Киров»
480
№12
«Ақсай – Жаңаталап»
480
№13
«Ақсай – Бестау»
320
№14
«Ақсай – Успенов»
480
№15
«Ақсай – Григорьев»
240
№17
«Ақсай – Тихонов»
480
№18
«Ақсай – Ақбұлақ»
400
№20
«Ақсай – Облав»
480
№21
«Ақсай – Александров»
480
№23
«Ақсай – Приурал»
480
№24
«Ақсай – Ақсу»
400
№25
«Ақсай – Қарашығанақ» (Жарсуат, Димирово арқылы)
560