Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос поверхностных водных объектов в пределах административной территории города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 201 · қабылданған 14.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114547/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос поверхностных водных объектов в пределах административной территории города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 201 ·14.08.2017
14.08.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос поверхностных водных объектов в пределах административной территории города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 201 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос поверхностных водных объектов в пределах административной территории города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
201
Қабылданған күні
14.08.2017
Көрсетілген редакция
14.08.2017 114547_222537.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0005198
ЭКБ идентификаторы
114547
Редакция идентификаторы
114547_222537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:10

0 Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің, оның ішінде Жеменей өзеніндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. М. Құсаинов) «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің, оның ішінде Жеменей өзеніндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зайсан қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға берсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының
басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2017 жылғы «15» 08
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысының
міндетін атқарушы
______________ А. Манкутова
2017 жылғы «15» 08

7 Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
«14» тамыздағы № 201
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, олардың учаскелері
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы,
км
Ауданы,
га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Жеменей өзені:
16,54
631,187
55-550
16,85
123,96
35-100
оң жағалау
6,92
304,731
-
8,08
60,13
-
сол жағалау
9,62
326,456
-
8,77
63,83
-
Оң жағалау магистральді каналы
1,16
0,116
-
1,16
0,116
-
Сол жағалау магистральді каналы
3,57
0,357
-
3,57
0,357
-
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының әкімшілік аумағы шегінде жер үсті су объектілерінің, оның ішінде Жеменей өзеніндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы