Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос озера Дубыгалинское, озера Маленькое, двух ручьев без названия, впадающих в озеро Дубыгалинское, в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос озера Дубыгалинское, озера Маленькое, двух ручьев без названия, впадающих в озеро Дубыгалинское, в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көлі, Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлі, атауы жоқ екі бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203
- Қабылданған күні
- 14.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2017 114549_222510.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005199
- ЭКБ идентификаторы
- 114549
- Редакция идентификаторы
- 114549_222510
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:10
0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көлі, Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлі, атауы жоқ екі бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлін және атауы жоқ екі бұлақты қоса алғандағы, Дұбығалы көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көлі, Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлі, атауы жоқ екі бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көлі, Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлі, атауы жоқ екі бұлақтың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. М. Құсаинов) «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлін және атауы жоқ екі бұлақты қоса алғандағы, Дұбығалы көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға берсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының
басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2017 жылғы «15» 08
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы «15» 08
7 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлін және атауы жоқ екі бұлақты қоса алғандағы, Дұбығалы көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
«14» тамыздағы № 203
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлін және атауы жоқ екі бұлақты қоса алғандағы, Дұбығалы көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Су объектісі, олардың учаскелері
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені,м
Ұзындығы,
км
Ауданы,
га
Ені,м
1
2
3
4
5
6
7
Дұбығалы-көлі:
-
-
-
7,584
50-96
35-100
Маленькое көлі
-
-
-
1,094
7,2
50
Атауы жоқ бұлақ № 1
-
-
-
3,53
17,2
50
Атауы жоқ бұлақ № 2
-
-
-
12,267
53,73
35-50
Барлығы
21,267
2400
2800-2160
24,475
129,09
35-100
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Дұбығалы көліне құятын Маленькое көлін және атауы жоқ екі бұлақты қоса алғандағы, Дұбығалы көлінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.