Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования

Қаулы · № 554 · қабылданған 08.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114553/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования Күшін жойған Қаулы ·№ 554 ·08.09.2017
02.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования

Күшін жойған Қаулы ·№ 554 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
554
Қабылданған күні
08.09.2017
Көрсетілген редакция
02.03.2024 114553_686261.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000554
ЭКБ идентификаторы
114553
Редакция идентификаторы
114553_686261
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:55

0 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына

трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 554 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
трансферттерді беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – қор) республикалық бюджеттен:

1 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге;

2 2) қордың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындарды өтеуге;

3

3) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ге мемлекеттің жарналарын төлеуге трансферттерді аудару тәртібін айқындайды.

2 2. Трансферттер сомасының көлемі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде айқындалады.

2 2-тарау. Қорға трансферттерді беру тәртібі

3

3. Республикалық бюджет бекітілгеннен кейін қор трансферттердің жылдық сомаларын айларға бөлу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру кезінде есепке алу үшін уәкілетті органға жібереді.
Қор трансферттердің жылдық сомаларын айлар бойынша бөлуді аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімдерін ескере отырып, төлемдерді жүзеге асыру мерзімдеріне байланысты жүзеге асырады.

4

4. Трансферттерді пайдалану процесінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттілігі кезінде қор ағымдағы айдың 5-күніне дейінгі мерзімде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын уәкілетті органға жібереді.

5 5. Уәкілетті органның трансферттерді аударуы:

1 1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін) қазынашылықтағы қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына ай сайын жүзеге асырылады;

2

2) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қордың өтініміне (бұдан әрі – өтінім) сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей Қордың банк шотына ай сайын төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.
Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге қордың шығындарын өтеуге арналған жиынтық тізілімге сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін қалыптастырылады.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.
ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған трансферттер бойынша пайдаланылмаған қалдық сомасын айдың соңына қарай қор одан кейінгі айдың сомасына енгізуге тиіс.
Өткен қаржы жылында бөлінген ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге арналған трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары қор алдыңғы жылдың міндеттемелерін өтегеннен кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.

6 6. Трансферттердің жылдық көлемін бөлінген бюджет шегінде нақтылау (түзету) қажет болған кезде қор Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес уәкілетті органға ұсыныстарын жолдайды.

Бөлінген бюджет шегінде трансферттердің сомаларын нақтылау (түзету) жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарайды.

7

7. Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 15) тармақшаларында көрсетілген, жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі ақшалай қаражатты аудару уәкілетті орган айқындайтын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Трансферттерді пайдалану жөніндегі есептілік

8

8. Уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес қор уәкілетті органға тоқсан сайын ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге, қордың МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу шығындарын өтеуге және қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ге мемлекеттің жарналарын төлеуге берілетін трансферттерді пайдалану жөніндегі есептерді тапсырады.

1 Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
теңге
Ме­ке­ме
226
Бағ­дар­ла­ма
066
Кі­ші бағ­дар­ла­ма 104
Ерекше­лі­гі
351
Тө­лем тү­рі
Со­ма­сы
Әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­ге, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік және құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­ріне МӘМС жүй­е­сін­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­мет­те­ріне ақы тө­ле­у­ге ар­нал­ған әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер
Басқарма төрағасы ___________________________ ______________
(не оны алмастыратын тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер ___________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
М.О.
20_____ «_____» ____________
Орындаушының тегі және телефон нөмірі _______________________

2 Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
мың теңге
Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның ата­у­ла­ры
Ақы тө­ле­у­ге бар­лы­ғы
Кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық кө­мек
Ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын кө­мек
Ста­ци­о­нар­лық ме­ди­ци­на­лық кө­мек
Ам­бу­ла­то­ри­я­лық дең­гей­де дә­рі­лік қам­та­ма­сыз ету
Со­ма­сы
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет са­ны
Со­ма­сы
Ем­дел­ген на­у­қа­стар са­ны
Со­ма­сы
Ем­дел­ген на­у­қа­стар са­ны
Со­ма­сы
Са­ны
Со­ма­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша жиы­ны
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ал­ма­ты
Аты­рау
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Жам­был
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Қа­ра­ған­ды
Қо­ста­най
Қы­зы­лор­да
Маң­ғы­стау
Пав­ло­дар
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Түр­кі­стан
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы
Шым­кент қа­ла­сы
Басқарма төрағасы _________________________________________ ________________
(немесе оны алмастыратын адам) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер _________________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны
20____ «_______» ___________
Орындаушының тегі және телефоны _______________________ ______________________

Қолданыстағы