Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 11 · қабылданған 14.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114574/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 ·14.08.2017
26.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
14.08.2017
Көрсетілген редакция
26.10.2018 114574_364785.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17PHB05622
ЭКБ идентификаторы
114574
Редакция идентификаторы
114574_364785
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:10

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Качир ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 2-19/193 ұсыныс негізінде, Береговое ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Качир ауданы Береговое ауылдық округі Береговое ауылының мына көшелерінде ірі қара малдың бруцеллезбен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін:

«Тәуелсіздік» көшесі № 16 үйден № 36 үйге дейін;
«Мир» көшесі № 12 үйден № 43 үйге дейін;
«Лермонтов» көшесі № 1 үйден № 34 үйге дейін;
«Гагарин» көшесі № 3 үйден № 32 үйге дейін;
«Целинная» көшесі № 1 үйден № 43 үйге дейін;
«Абай» көшесі № 63 үйден № 112 үйге дейін;
«1 Май» көшесі № 7 үйден № 36 үйге дейін;
«Катаев» көшесі № 4 үйден № 21 үйге дейін;
«Победа» көшесі № 48 үйден № 76 үйге дейін.

2

2. «Качир ауданының ветеринария бөлімі» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Качир аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелері (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Качиры аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Качир ауданының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Мягченко
2017 жылғы «14» тамыз
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Качир
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Сәрсенов
2017 жылғы «14» тамыз
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Павлодар облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Качиры аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Тыртықаев
2017 жылғы «14» тамыз

Қолданыстағы