Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых, банно-прачечных комбинатов и находящегося в них военного имущества в имущественный наем (аренду)

Бұйрық · № 422 · қабылданған 07.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114604/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых, банно-прачечных комбинатов и находящегося в них военного имущества в имущественный наем (аренду) Қолданыста Бұйрық ·№ 422 ·07.08.2017
16.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых, банно-прачечных комбинатов и находящегося в них военного имущества в имущественный наем (аренду)

Қолданыста Бұйрық ·№ 422 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых, банно-прачечных комбинатов и находящегося в них военного имущества в имущественный наем (аренду)
Атауы (қаз.)
Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
422
Қабылданған күні
07.08.2017
Көрсетілген редакция
16.02.2024 114604_686621.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015645
ЭКБ идентификаторы
114604
Редакция идентификаторы
114604_686621
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:13

0 Ғимараттарды, асханалардың,

монша-кір жуу комбинаттарының
үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 422 бұйрығымен
бекітілген қосымша
Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға
(жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті (бұдан әрі – мүлік) мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде жасалған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемелерінің (әскери бөлімдерінің) жеке құрамын тамақтандыруды және (немесе) оларға монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарт;

2 2) жалға беруші – олардың мүдделерінде тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттар жасалған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республикалық мемлекеттік мекемелері;

3 3) баланс ұстаушы – оған мүлік бекітіліп берілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республикалық мемлекеттік мекемесі;

4 4) жалға алушы – жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Жалға берушінің мүлікті өтеусіз уақытша беруі жеке және заңды тұлғалардың тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

4 4. Жалға алушыға уақытша пайдалануға берілуге жататын мүлік тізбесін тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарт жасалғаннан кейін жалға беруші жасайды.

2 2-тарау. Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібі

5

5. Мүлікті өтеусіз уақытша беру үшін жалға беруші мен жалға алушы тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша жасалған шарттардың мерзімдері шегінде Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша берудің шартын жасайды (бұдан әрі – Шарт).

6 6. Жалға беруші жалға алушымен тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шартты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Шарт жасайды.

7 7. Шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалған жағдайларда мүлікті өтеусіз пайдалану құқығы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес тіркелуге жатады.

8 8. Шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жалға беруші Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-беру актісіне сәйкес барлық мүлікті жалға алушыға береді.

9 Қабылдау-тапсыру актісі

9. Қабылдау-беру актісі жалға алушыға, жалға берушіге және баланс ұстаушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады және жалға алушы мен жалға беруші қол қояды.
Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларына
қосымша
нысан
Қабылдау-тапсыру актісі
_________қаласы 20___жылғы «___» ___________
__________________________________________________________________ Жалға беруші
(жалға берушінің атауы)
деп аталтын
_______________________________________ атынан, бір тараптан Жарғы негізінде әрекет
(лауазымы, Т. А. Ж. (болған кезде)
ететін және _____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ж. (болған кезде)
атынан ________________________________________________________________негізінде
(құрылтай құжаттардың атауы және тіркеу күні)
әрекет ететін
_________________________________________________________ Жалға алушы деп аталтын
(жалға алушының атауы)
20___жылғы «___»______№___мүліктік жалдау шартына сәйкес_______________мекенжайы
бойынша орналасқан, жалпы алаңы ___________________ объектіні қабылдауды-тапсыруды
жүргізді.
1. Объектінің сипаттамасы: __________________________________________________
2. Берілетін объектінің және ондағы әскери мүліктің анықталған ақаулықтар тізбесімен
техникалық жай-күйі (егер бар болса):______________________________________
3. Коммуникациялардың болуы: ______________________________________________
(сумен жабдықтау және кәріз, жылумен және энергиямен қамтамасыз ету,
________________________________________________________________________________
газдың берілуі болған жағдайды жазу)
4. Есепке алу құралдарының (су-кәріз бен электр энергия көрсеткіштері):___________
________________________________________________________________________________
(белгіленген лимитті (лимиттер бойынша есепті) артық жұмсаған жағдайда коммуналдық
қызметтерді өтеу үшін аудандық пайдалану бөлімі (гарнизон) ұсынады)
5. Осы Акт жалға берушіге, жалға алушыға және баланс ұстаушыға біреуден үш (3)
данада жасалды.
________________________________
________________________________
(жалға берушінің атауы)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(орналасқан орны)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
________________________________
________________________________
(қолы)
М.Ө.
________________________________
________________________________
(жалға алушының атауы)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(орналасқан орны)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)
________________________________
________________________________
(қолы)
М.Ө.

Қолданыстағы