Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации в размере стоимости общевойскового пайка при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам основных продовольственных пайков военнослужащим по контракту Вооруженных Сил Республики Казахстан

Бұйрық · № 431 · қабылданған 08.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114605/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации в размере стоимости общевойскового пайка при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам основных продовольственных пайков военнослужащим по контракту Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 431 ·08.08.2017
15.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации в размере стоимости общевойскового пайка при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам основных продовольственных пайков военнослужащим по контракту Вооруженных Сил Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 431 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации в размере стоимости общевойскового пайка при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам основных продовольственных пайков военнослужащим по контракту Вооруженных Сил Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
431
Қабылданған күні
08.08.2017
Көрсетілген редакция
15.04.2024 114605_696712.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015631
ЭКБ идентификаторы
114605
Редакция идентификаторы
114605_696712
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:12

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі

азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 )осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 8 тамыздағы № 431
бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге негізгі азық-тлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құнының мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.

2 2. Ақшалай өтемақы төлеу әскери қызметшілердің тамақтануына арналған шығыстарды өтеу мақсатында жүргізіледі. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 7-тармағына сәйкес оларды тамақтандыру мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

Әскери жүкті күзету және алып жүру бойынша әскери эшелон, қарауыл құрамында қабылдау орнына дейін және кері қарай жол жүрген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметші қызметтік іссапарда болған жағдайда үлес орнына ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

3 3. Ақшалай өтемақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4

4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүзеге асырылмайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) және мекемелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығы басқармасының азық-түлік басқармасы жасайды.

5 5. Ақшалай өтемақыны төлеу келісімшарт бойынша әскери қызметші қызмет өткеретін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта әрбір келісімшарт бойынша әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.

6

6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін келісімшарт бойынша әскери қызметші (ол болмаған жағдайда – тиісті бөлімше командирі) есепті айдан кейінгі айдың 1-нен бастар 5-іне дейінгі күндері мемлекеттік мекеменің басшысы атына заңнамада оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиесілілік көзделген жағдайларда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындауын растайтын баянатты береді.

7 7. Өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.

8 8. Өтемақы алушылардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған ағымдық шоттарына, әскери қызмет өткеру орны бойынша аударылады.

9 Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бір мемлекеттік мекемеден басқасына қызмет бабына ауысуы кезінде жаңа әскери қызметін өткеру орнына кеткен айда өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.

1 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт

бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік
үлестерінің белгіленген нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған
кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай
өтемақы төлеу қағидаларына
Қосымша
Форма
Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін Қарулы Күштері бөлімдерінің (бөлімшелерінің) және мекемелерінің тізбесі
р/с№
Әскери бөлім/мекеме атауы
Бөлімше
атауы

Қолданыстағы