О снятии ограничительных мероприятий на территории сел Долинный, Тонкерис Долинского сельского округа Теректинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории сел Долинный, Тонкерис Долинского сельского округа Теректинского района
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданы Долин ауылдық округі Долинный, Төңкеріс ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 07.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2017 114620_225861.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZLF04894
- ЭКБ идентификаторы
- 114620
- Редакция идентификаторы
- 114620_225861
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:56
0 Теректі ауданы Долин ауылдық округі
Долинный, Төңкеріс ауылдары аумағында
шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 01-24/326 және
2017 жылғы 3 тамыздағы № 01-24/374 ұсыныстары негізінде Долин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долин, Төңкеріс ауылдарының аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының
пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2 2. Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 шілдедегі №4 «Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный,
Төңкеріс ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3955 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 шілдеде жарияланған) және 2016 жылғы 22 маусымдағы №2 Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 шілдедегі №4 «Теректі ауданы
Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс, Шөптікөл, Қоныссай ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4473 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) шешімдерінің күші
жойылды деп танылсын.
3 3. Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
(Б.Рахматуллина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.