Об определении мест для осуществления выездной торговли в городе Караганде
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для осуществления выездной торговли в городе Караганде
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37/01
- Қабылданған күні
- 25.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2017 114670_225846.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KA004351
- ЭКБ идентификаторы
- 114670
- Редакция идентификаторы
- 114670_225846
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:02
0 Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, көшпелі саудаға арналған орындарды анықтау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында көшпелі саудаға арналған орындар анықталсын.
2
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 «Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3847 болып тіркелген, 2016 жылы 14 маусымда «Индустриальная Караганда» № 74 (22019), «Орталық Қазақстан» № 94 (22 199) газеттерінде, 2016 жылы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қарағанды қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 37/01 қаулысына
қосымша