О запрещении неорганизованного выпаса скота в пойме реки Иртыш
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О запрещении неорганизованного выпаса скота в пойме реки Иртыш
- Атауы (қаз.)
- Ертіс өзені аңғарында ұйымдаспаған түрде мал бағуға тыйым салу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 260
- Қабылданған күні
- 12.08.1998
- Көрсетілген редакция
- 12.08.1998 1147_253215.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98P000067_
- ЭКБ идентификаторы
- 1147
- Редакция идентификаторы
- 1147_253215
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:35
0 Ертіс өзені аңғарында ұйымдаспаған түрде мал бағуға тыйым салу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешіміне.
Облыс аумағында Ертіс өзені аңғарында бақылаусыз мал бағуға көп жағдайларда жол берілуде, мұнын өзі шөптің түрлі құрамының сапасыздануына, ормандардың бүлінуіне және жойылуына, экологиялық жағдайдың құлдырауына әкеліп соғатын болады. Өсімдіктер және жан-жануралар дүниесін сақтау, шабындықтардың өнімділігін арттыру, Ертіс өзені аңғарының экологиялық және санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ертіс өзені аңғарындағы учаскелерде ұйымдаспаған түрде мал бағуға тыйым салынсын.
2. Тұрғындарға өзен аңғарындағы учаскелерде мал бағуға рұқсатты қалалар мен аудандар әкімдерінің ерекше жағдайларда және ұйымдасқан түрде ауылшаруашылық малдың төлін шабындық ретінде пайдалануға келмейтін шектелген жерлерде ғана бағуға рұқсат беретіні белгіленсін. Қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімдері облыс ауыл шаруашылығы департаментінің, облыс экология басқармасының, облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің тиісті тұжырымдары негізінде қабылданады.
Облыс әкімінің 1992 жылғы қазанның 15-дегі № 208 шешімімен бекітілген Ертіс өзенгі аңғарындағы шаруашылық қызмет туралы Ережедегі 8.1-тармақтын осы шешімге қайшы келетіндіктен күші жойылсын.
3. Облыс қалалары мен аудандарының, ауылдық (селолық) округтердің, елді мекендердің әкімдері тұрғындардың малын бағуға жер бөлу мәселесін 10 күн мерзім ішінде қарап, шөп өсімі нашарлауның алдын алатын шөп егу тәртібін бергіленсін, жоспарларда және нақты жерде учаскелерді белгіленсін, тұрғындармен түсіндіру жұмысын тұрақты түрде жүргізетін болсын.
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыс ауыл шаруашылығы департаменті, облыс экология басқармасы және облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, облыс ішкі істер басқармасының әкімшілік пллициясы қызметі өзен аңғарындағы шабындақтардың ұтымды пайдалануына тұрақты және тиімді бақылау жасауда қамтамасыз етсін, ұйымдаспаған түрде мал бағу жағдайларына тыйым салып, қажет болғанды заңмен белгіленген тәртіпте шара тыйым салып, қажет болғанда заңмен белгіленген тәртіпте шара қолданатын болсын.
5. Облыс экология басқармасы, облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комите, облыс ауыл шаруашылығы департаменті облыстық мәслихаттың кезекті сессияның қарауына « Ертіс өзені аңғарындағы шаруашылық қызмет туралы ережені бекіту туралы» мәселені енгізетін болсын.