Об утверждении Правил выплаты военнослужащим органов внутренних дел денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выплаты военнослужащим органов внутренних дел денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 563
- Қабылданған күні
- 17.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2020 114711_441937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015700
- ЭКБ идентификаторы
- 114711
- Редакция идентификаторы
- 114711_441937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:08
0 Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының
8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалық мөрмен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 563 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары
1
1. Осы Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға (Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты, арнайы тексерістен бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестация қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкессіздігі бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда) қатысты да қолданылады.
2 2. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуге негіз болып табылады:
1 1) баянат;
2 2) мемлекеттік мекеме басшысының әскери қызметшінің кетуі (келуі) туралы бұйрығынан үзінді және нұсқаманың көшірмесі.
3 3. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметтен шығарылған адамдарға өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуге негіз болып табылады:
1 1) өтініш;
2 2) қызметтен шығарылғаны туралы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығынан үзінді;
3 3) әскери билеттің көшірмесі немесе әскери есепке қойылғаны туралы белгісі бар жергілікті әскери басқару органының анықтамасы.
4
4. Өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметшінің кетуінен бұрын әскери қызмет өткерген мемлекеттік мекеменің басшысы шығарады. Бұйрықта тасымалдау бағыты, қашықтығы және төлемнің мөлшері көрсетіледі.
5 5. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейінгі автомобиль жолының километрмен есептегендегі қашықтығы;
20 км – тұрақты шама;
1 аек – тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.
6
6. Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуді келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдауларды қоспағанда, қаржы жылының ішінде, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметтен кетуден бұрын ақшалай үлесте тұрған мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
1994 жылдың 27 желтоқсандағы 178-бабының 1-тармағында белгіленген талап қоюдың жалпы мерзімі шегінде жүргізеді.