Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области

Ереже · № 142/15 · қабылданған 25.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114752/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области Күшін жойған Ереже ·№ 142/15 ·25.08.2017
19.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области

Күшін жойған Ереже ·№ 142/15 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
142/15
Қабылданған күні
25.08.2017
Көрсетілген редакция
19.12.2023 114752_672823.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17P0005625
ЭКБ идентификаторы
114752
Редакция идентификаторы
114752_672823
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:03

0 Павлодар облысындағы көші-қон

процестерін реттеу қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 296 қаулысына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

Павлодар облыстық мәслихатының
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 142/15 шешімімен
бекітілді
Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 296 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібін айқындайды.

2. Көші-қон процестерін реттеу:

адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;
кету және орын ауыстыру бостандығына;
шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі  айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

2-тарау. Павлодар облысындағы көші-қон процесстерін реттеу тәртібі

4. Павлодар облысындағы көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Павлодар облысындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Павлодар облысында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

10. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Қолданыстағы