Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Есильского района

Өзге акт · № 17/4 · қабылданған 29.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114770/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Есильского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 17/4 ·29.08.2017
02.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Есильского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17/4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Есильского района
Атауы (қаз.)
Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17/4
Қабылданған күні
29.08.2017
Көрсетілген редакция
02.02.2018 114770_291912.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BK006080
ЭКБ идентификаторы
114770
Редакция идентификаторы
114770_291912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:01

0 Қызметін Есіл ауданының

аумағында жүзеге асыратын
барлық салық төлеушілер
үшін бірыңғай тіркелген
салық мөлшерлемелерін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

Есіл аудандық мәслихатының «Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 14/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-101 тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірде «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешімі;
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 14/4 «Есіл ауданы аумағындағы тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 8 қарашадағы № 44/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-143 тіркелген, 2011 жылғы 23 желтоқсанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешімі.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған

күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
А. Қалжанов
29 тамыз 2017 жыл
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Н. Қапашев
29 тамыз 2017 жыл

4 Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Есіл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 17/4 шешіміне
қосымша
Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
р/с

Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
3
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3

Қолданыстағы