Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О состоянии работы акимов Тарбагатайского и Катон-Карагайского районов по поддержке развития малого предпринимательства и созданию новых рабочих мест

Өзге акт · № 492-к · қабылданған 30.03.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1148/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О состоянии работы акимов Тарбагатайского и Катон-Карагайского районов по поддержке развития малого предпринимательства и созданию новых рабочих мест Күшін жойған 30.03.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О состоянии работы акимов Тарбагатайского и Катон-Карагайского районов по поддержке развития малого предпринимательства и созданию новых рабочих мест

Күшін жойған Өзге акт № 492-к 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О состоянии работы акимов Тарбагатайского и Катон-Карагайского районов по поддержке развития малого предпринимательства и созданию новых рабочих мест
Атауы (қаз.)
Тарбағатай және Катонқарағай аудандары әкімдерінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарының жағдайы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
492-к
Қабылданған күні
30.03.1998
Көрсетілген редакция
30.03.1998 1148_260321.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000009
ЭКБ идентификаторы
1148
Редакция идентификаторы
1148_260321
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:46
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Тарбағатай және Катонқарағай аудандары әкімдерінің

шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, жаңа жұмыс орындарын
құру жөніндегі жұмыстарының жағдайы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Тарбағатай және Қатонқарағай аудандарының әкiмдерi Қазақстан
Республикасы Президентiнiң шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды
күшейтуге және дамытуды жандандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға
бағытталған актiлерiн орындау жөнiнде белгiлi жұмыс атқаруда.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдық және аймақтық бағдарламалары
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3589
Жарлығын орындау мақсатында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
1997-2000 жылдарға арналған аудандық бағдарламалары бекiтiлген.
Кәсiпкерлердiң аудандық Кеңестерi құрылған.
Бос өндiрiстiк үйлердi өндiрiстiк және коммерциялық iс-қимылдар жасау
үшiн беру, жер учаскелерiн бөлу жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Жер учаскелерiн
сату жөнiнде конкурстық комиссиялар құрылған, пәтерлердi қайта жоспарлауға
келiсу процедурасы жеңiлдетiлдi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң iс-қимылдарынан салық түсiмдерiнiң
сомасы арттырылды.
Аудан басшыларының кәсiпкерлермен кездесулерi ұдайы жүргiзiлуде.
Сонымен қатар аудандар әкiмдерiнiң кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту,
жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмысында елеулi кемшiлiктер мен
олқылықтар бар.
Тарбағатай ауданында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту есебiнен
жұмыссыздықты қысқарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнiнде жұмыс
қанағаттанғысыз жүргiзiлуде.
1998 жылғы 1 қаңтарға Тарбағатай ауданында жұмыссыздың деңгейi 11,4
процент, ал 1998 жылғы 1 наурызға - 12,8 процент болды, соған қарамастан
үстiмiздегi жылы бiрде-бiр жұмыс орны құрылмаған. "Шағын кәсiпкерлiктi
қолдау мен дамытудың басымдылығы және аймақтық бағдарламалары туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3589
Жарлығына сәйкес кәсiпкерлерге бизнес-жоспарларының жобаларын және
жұмыспен қамтуға ықпал етудiң Мемлекеттiк қорының қаражаттары есебiнен
жаңа жұмыс орындарын құруды қолдау және жеке кәсiпкерлiктi дамыту тәртiбi
туралы Ереженi сапалы әзiрлеуге көмектесу жөнiнде жұмыс жеткiлiксiз
жүргiзiлуде.
Аудандарда пайдаланылмай жатқан бос үйлер әлi де бар, әсiресе елдi
мекендерде қызмет көрсету саласы жеткiлiксiз дамыған.
Жұмыссыздықты азайтудың қоғамдық жұмысқа қатыстыру сияқты әдiсi
толық қолданылмауда.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты
ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Тарбағатай ауданының әкiмi Т.Т. Түсiпбековтың шағын кәсiпкерлiк

субъектiлерiн дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi
қанағаттанғысыз жұмысы атап көрсетiлсiн.

2. Тарбағатай ауданының әкiмi Т.Т. Түсiпбеков, Қатонқарағай ауданының

әкiмi А.С. Сейiтов:
- шаруа шаруашылықтарын қаржылық сауықтыру, олардың дебиторлық және
кредиттік берешектерiн кемiту жөнiнде нақты шаралар қолдансын;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн - тауар өндiрушiлердi адрестiк
қолдау қамтамасыз етiлсiн;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту есебiнен жұмыссыздықты
азайту, жаңа жұмыс орындарын құру жөнiнде жұмыс күшейтiлсiн;
- қызмет көрсету саласын әсiресе алыс елдi мекендерде дамыту жөнiнде
шаралар әзiрлесiн;
- пайдаланылмайтын бос үйлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру
жөнiндегi жұмыс күшейтiлсiн.

3. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi облыстық департаментiне

(Тұрлыбаева А.К.) кәсiпкерлiк үшiн бизнес-жоспарлар жобаларын жасау
жөнiнде аймақтық семинарлар өткiзуде жергiлiктi жерлерде атқарушы
органдарға көмек көрсету тапсырылсын.

4. Ашық түрдегi "Қазагроөнеркәсiпбанк" Акционерлiк қоғамының Шығыс

Қазақстан филиалы (Күзембаев Н.К.) аудандардың шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерi кредиттер алу үшiн берген бизнес-жоспарларын қарау
мерзiмдерiн жеделдету жөнiнде шаралар қолдансын.

5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық экономика

басқармасына (Тұрлыбаева А.К.) жүктелсiн.