Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппаратов акима района, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета и его описания

Қаулы · № 424 · қабылданған 04.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114825/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппаратов акима района, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета и его описания Күшін жойған Қаулы ·№ 424 ·04.09.2017
09.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппаратов акима района, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета и его описания

Күшін жойған Қаулы ·№ 424 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппаратов акима района, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета и его описания
Атауы (қаз.)
Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
424
Қабылданған күні
04.09.2017
Қолданысқа енгізілген күні
13.10.2017
Көрсетілген редакция
09.09.2020 114825_480707.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17GC003530
ЭКБ идентификаторы
114825
Редакция идентификаторы
114825_480707
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:58

0 Жамбыл ауданы, ауылдық округ

әкімі аппараттары мен жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын
аудандық атқарушы органдардың
мемлекеттік қызметшілеріне
қызметтік куәлік беру қағидаларын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары;

2 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың қызметтік куәліктің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Бекбосынға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы " 04 " қыркүйектегі
№424 қаулысына
1 қосымша
Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Жамбыл ауданы ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру тәртібін анықтайды.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

4 4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5 5. Қызметтік куәлік:

1 1) Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне, ауылдық округ әкімдеріне және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың бірінші басшыларына – Жамбыл ауданы әкімінің қолы қойылып беріледі;

2 2) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың бірінші басшыларының қолы қойылып беріледі.

3 3) Ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне – ауылдық округі әкімінің қолы қойылып беріледі.

6 6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағиданың қосымша келісілген нысаны бойынша Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі -есепке алу журналы).

7 7. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады (бұдан әрі -Персоналды басқару қызметі).

8 8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті Персоналды басқару қызметтерінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

9 9. Персоналды басқару қызметтері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

10 10. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес, нысан бойынша куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

11 11. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметінің жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

12 12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу Персоналды басқару қызметіне жазбаша нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы жариялауға Персоналды басқару қызметі хабарландыру жолдайды.

13 13. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру немесе қызметтік куәлікті мақсатсыз пайдаланудың әрбір фактісі бойынша, персоналды басқару қызметімен белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі қарастырылады.

14 14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті Персоналды басқару қызметіне тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

15 15. Қызметкерлер тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

27 Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Жамбыл ауданы әкімі
аппаратының, аудандық бюджеттен
қаржыландырылатын аудандық
атқарушы органдарының қызметкерлеріне
қызметтік куәлік беру қағидаларына
қосымша
Нысан
Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Бе­рі­л­ген кү­ні
Ал­ға­ны жө­нін­де же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы ту­ра­лы бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы тігіліп, нөмірленуі қажет және мекеменің мөрімен расталады.

28 Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы " 04 " қыркүйектегі
№424 қаулысына
2 қосымша
Жамбыл ауданы, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1 1. Қызметтік куәліктің мұқабаларының көлемі 19 сантиметр х 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), көгілдір түсті, экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

2 2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3 3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде мемлекеттік мекеменің ресми атауы орналастырылады.

4

4. Сол жағында: көлемі 3 х 4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), негізгі жағының орталығында куәліктің нөмірі мен "Куәлік" деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі.

5 5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

6 6. Куәліктер тиісті басшылықтың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

Қолданыстағы