Об утверждении Правил разработки, согласования, учета, утверждения, экспертизы, изменения, отмены и введения в действие военных стандартов на товары (продукцию) военного назначения, товары (продукцию) двойного назначения (применения), работы военного назначения и услуги военного назначения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил разработки, согласования, учета, утверждения, экспертизы, изменения, отмены и введения в действие военных стандартов на товары (продукцию) военного назначения, товары (продукцию) двойного назначения (применения), работы военного назначения и услуги военного назначения
- Атауы (қаз.)
- Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 394
- Қабылданған күні
- 28.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2019 114843_395597.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015734
- ЭКБ идентификаторы
- 114843
- Редакция идентификаторы
- 114843_395597
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:19
0
Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
Ж. Асанов
2017 жылғы«____»____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
2017 жылғы «____»____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-лейтенант
А. Күреңбеков
2017 жылғы «____»____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
К. Мәсімов
2017 жылғы «____»____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов
2017 жылғы «____»____________
0 Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 28 шілде № 394
бұйрығымен бекітілген
Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар
мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтажы үшін әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) әзірлеуші – әскери стандарттарды әзірлеу, оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу және олардың күшін жою жөніндегі жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін заңды тұлға;
2
2) әскери мақсаттағы жұмыстар – заттық нәтижесі бар, қорғаныс объектілерін және әскери мүлікті салуға, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға, жаңа қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және гоеақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға байланысты қызмет, сондай-ақ әскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да жұмыстар;
3
3) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттық нәтижесі жоқ, пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін сынауға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға байланысты қызмет, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми және өзге де қызмет;
4 4) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім) – қару-жарақ, әскери және арнайы техника, оқ-дәрілер, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) шығаруға және сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жинақтауыштар;
5 5) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарт (бұдан
әрі – әскери стандарт) – айқындалған және арнайы пайдалану мақсатында қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұратын әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттарды және сипаттамаларды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат;
6 6) әскери (қорғаныстық) өнім – Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтажы үшін жасалатын және (немесе) жеткізілетін өнім (жұмыстар, көрсетілген қызметтер);
7 7) әскери стандарттау – әскери стандарттау объектілеріне қатысты реттелуге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу, бекіту (қабылдау), қайта қарау, өзгерту, жою, басып шығару және қолдану жөніндегі қызмет;
8
8) әскери стандарттау жүйесі – осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, бекіту (қабылдау), өзекті ету, күшін жою және қолдану кезінде әскери стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, әскери стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған әскери стандарттау саласындағы қатысушылардың қызметі;
9
9) әскери стандарттау объектісі – әскери (қорғаныстық) өнім, процестер, менеджмент жүйесі, терминология, көрсетілген өнімді өлшеу және сынау әдістері (әдістемелері), баға сәйкестігі рәсімдері және материалдарды, шикізаттарды, арнайы технологиялық жабдықты қоса алғанда, әскери (қорғаныстық) өнімге байланысты стандартталуға тиіс немесе стандартталған өзге де объектілер;
10
10) базалық ұйым – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы республикалық мемлекеттік мекемесі, оған әскери стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлауға, әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар қорын қалыптастыруға, жүргізуге және өзекті етуге, сондай-ақ әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттардың жиынтық тізбесін жүргізуге қатысты жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) ұйымдастыру функциялары жүктелген;
11 11) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ мемлекеттік тапсырыс берушілер кейіннен әскери мақсаттағы тауарлар (өнім) ретінде қайта бейімдеуі және пайдалануы мүмкін өнім мен технологиялар;
12 12) мемлекетаралық әскери стандарт – әскери (қорғаныстық) өнімге, сондай-ақ осы өнімге байланысты процестерге және өзге де әскери стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекетаралық орган немесе мемлекетаралық ұйым қабылдаған стандарт;
13 13) мемлекеттік тапсырыс беруші – әскери стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы (мемлекеттік органның ведомствосы);
14 14) мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі – әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс беруші уәкілеттілік берген ұйым;
15 15) негізін қалайтын әскери стандарт – әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды орындауға қатысты жалпы ережелерді, сондай-ақ әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау жөніндегі құжаттар санаттары мен түрлерін белгілейтін стандарт;
16 16) техникалық комиссия – әскери стандарттау мәселері бойынша мемлекеттік тапсырыс кезінде құрылатын консультативтік-кеңестік орган.
3 3. Әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
1 1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
2 2) әскери мақсаттағы өнімнің қауіпсіздігін, сенімділігін, сапасын және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
3 3) әскери технологияларды инновациялық дамытуға, техникалық қайта жарақтандыруға және қорғаныс өнеркәсібі кешенін жаңғыртуға стандарттау құралдарымен жәрдемдесу.
4 4. Әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау мақсаттары мынадай міндеттермен қол жеткізіледі:
1 1) озық технологияларды енгізу, әскери (қорғаныстық) өнімді шығару құралдарын тиімді пайдалануды және әскери (қорғаныстық) өнімді әзірлеу және шығару кезіндегі ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ету;
2 2) әскери (қорғаныстық) өнім номенклатурасын оңтайландыру және бірегейлендіру, оның үйлесімділігін және өзара ауыстырылуын қамтамасыз ету, оны жасау, өндірісте игеру мерзімдері мен шығындарын, сондай-ақ шығару, пайдалану және кәдеге жарату шығындарын қысқарту;
3 3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды іске асыру;
4 4) Әскери стандарттау жөніндегі жылдық жоспарларды іске асыру.
5 5. Әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, егер өзге қаржыландыру көзі көзделмесе, мемлекеттік тапсырыс беруші тиісті жылға көзделген республикалық бюджет есебінен және шегінде ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
Әскери стандарттау объектілерінің қауіпсіздігін арттыру және сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен өзге де коммерциялық емес ұйымдары осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес көрсетілген әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды орындауға арналған шығыстарды тиісті жылға арналған Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына енгізе отырып, өз қаражаты есебінен қаржыландыруы мүмкін.
6 6. Әскери (қорғаныстық) өнімге, процестерге және осындай өнімге байланысты өзге де әскери стандарттау объектілеріне қойылатын талаптар белгіленетін әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарға:
1 1) әскери стандарттар, оның ішінде негіз қалаушы әскери стандарттар;
2 2) мемлекетаралық әскери стандарттар;
3 3) ұлттық стандарттарға әскери толықтырулар;
4 4) қару-жарақ пен әскери техника түрлеріне қойылатын жалпы техникалық талаптар жүйесінің нормативтік-техникалық құжаттары жатады.
7 7. Әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар әскери стандарттау объектілеріне қатысты қолдану және орындау үшін міндетті болып табылады.
2 2-тарау. Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу
8 8. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау) әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау мақсаттарын, сондай-ақ оны дамыту бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
9
9. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау) мемлекеттік тапсырыс берушілер бөлімшелерінің ұсыныстары, сондай-ақ жеке қаражаттары есебінен бастамашыл тәртіпте әскери стандарттарды әзірлеу бойынша заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде базалық ұйым ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қалыптастыратын Әскери стандарттау жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жоспарына (еркін түрде) сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тапсырыс беруші бөлімше базалық ұйымға тиісті іс-шараға бекітілген ақша қаражатының лимиті шеңберінде Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына ұсыныстар береді.
Базалық ұйым ұсыныстар он жұмыс күні ішінде келіп түскеннен кейін оларды қарайды және Әскери стандарттау жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жоспарына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10 10. Әскери стандарттау жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жоспарына қосудан бас тартуға негіздеме:
1 1) ұсыныстардың әскери стандарттау саласындағы міндеттерге сәйкес келмеуі;
2 2) әскери стандарттау жөніндегі іс-шаралардың қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілмеуі;
3 3) іс-шаралардың шешім қабылданған күні өзекті болмауы (таратылу саласы бірдей әскери стандарт қабылданған не қайта қаралған, ұсынылатын өзгерістер ғылым, техника мен технология дамуының қазіргі заманғы ғылыми-техникалық деңгейіне сәйкес келмеуі) болып табылады.
11 11. Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын жыл сайын мемлекеттік тапсырыс берушілердің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
12 12. Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту, көрсетілген жоспарға құжаттар нысандарын белгілеуді қоса алғанда, негіз қалайтын әскери стандарттармен айқындалады.
13 13. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау) мынадай кезеңдерді:
1 1) техникалық тапсырманы (техникалық ерекшеліктерді), техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді;
2 2) әскери стандарт жобасын әзірлеу және олардың тізбесін техникалық тапсырмамен (техникалық ерекшеліктермен) айқындалған мүдделі мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және кәсіпорындарға қарауға жолдауды;
3 3) мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, әскери стандарт жобасын пысықтауды;
4 4) таратылуы шектеулі және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатқызуды;
5 5) әскери стандартты бекітуге (қабылдауға) дайындауды, оның ішінде сараптама жүргізуді, бекіту (қабылдау) мен есепке алуды;
6 6) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтиды.
14 14. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау), өзгерістер енгізу, сараптама жүргізу, бекіту, күшін жою, көрсетілген құжаттарды тарату (ұйым стандарттарын қоспағанда) негіз қалайтын әскери стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
15
15. Әскери стандарттарды әзірлеуді (қайта қарау) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ құпия жұмыстарды жүргізуге рұқсаты, тапсырыс беруші техникалық тапсырманың (техникалық ерекшеліктерінің) талаптарына жауап беретін қару-жарақ, әскери техника мен қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданумен бұйымдар (бар болған кезде) айналымы саласында лицензиясы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жүзеге асырады.
16 16. Нормативтік құжаттарды құпияландыру үшін негіздеме олардың мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қолданыстағы құпияландырылуға тиіс мәліметтер тізбелеріне сәйкес келуі болып табылады.
3 3-тарау. Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды келісу және сараптау
17 17. Әзірлеуші әскери стандарттау жобасын әскери стандарттау объектісіне байланысты олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, мекемелермен және заңды тұлғалармен келіседі.
18 18. Әскери стандарттардың жобаларын келісу мерзімі олар қаралуға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
19 19. Бақылау (сынау) әдістеріне және өлшеуді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптар бар, ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде стандартталмаған әскери стандарттар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес келісуге тиіс.
20 20. Терминология жөніндегі әскери стандарттардың жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясына қарауға жолданад (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы ережесінің 5-тармағы).
21 21. Әзірлеуші әскери стандарттың жобасын қарау және келісу қорытындылары бойынша жинақталған пікірлер дайындауды жүзеге асырады.
Әзірлеуші ұйым қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстар пікірлер жинағына енгізіледі. Ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда дәлелденген негіздеме келтіріледі.
22 22. Әзірлеуші алынған ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды ескере отырып, әскери стандарт жобасының соңғы редакциясын дайындайды және оны мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне сараптауға жолдайды.
Сараптама:
1 1) әзірленетін әскери стандарттар жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуін белгілеуді;
2 2) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында әскери мақсаттағы объектілерді метрологиялық қамтамасыз етуді талдауды және бағалауды;
3 3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген әскери стандарттарды қайта қарау, өзекті ету және (немесе) бірегейлендіру қажеттілігін анықтауды;
4 4) қолданыстағы әскери стандарттар талаптарының қайталануын болдырмауды;
5 5) бәсекеге қабілеттіліктің функционалдық және сәйкестендіру көрсеткіштерінің бар болуын белгілеуді;
6 6) шет мемлекеттердің әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін (бар болған кезде) белгілеуді қамтиды.
23
23. Әскери стандарттарға сараптаманы мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратқа тиісті нысандағы рұқсаты бар сарапшыларын тарта отырып, келіп түскен күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Сараптама жүргізу нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жасалады.