Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Ерейментауском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Ерейментауском районе
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-9/277
- Қабылданған күні
- 05.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2021 114854_552801.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BI006084
- ЭКБ идентификаторы
- 114854
- Редакция идентификаторы
- 114854_552801
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:58
0 Ерейментау ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ерейментау ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.