"О внесении изменений в некоторые решения акима села Акшукур"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "О внесении изменений в некоторые решения акима села Акшукур"
- Атауы (қаз.)
- "Ақшұқыр ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы"
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 273
- Қабылданған күні
- 08.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2017 114888_235082.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MFC03429
- ЭКБ идентификаторы
- 114888
- Редакция идентификаторы
- 114888_235082
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:55
0 Ақшұқыр ауылы әкімінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес және Ақшұқыр ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, сонымен қатар Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2017 жылғы 10 тамыздағы №10-11-4151 ақпараттық хатының негізінде, Ақшұқыр ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақшұқыр ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Ақшұқыр ауылы әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы №887 а) «Ақшұқыр селосынан жаңадан пайда болған көшелерге есімдер беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-6-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 қазандағы №50-51 «Ақкетік» газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақшұқыр ауылынан жаңадан пайда болған көшелерге есімдер беру туралы»;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақшұқыр ауылынан:»;
2)Ақшұқыр ауылы әкімінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі №321 «Ақшұқыр селосы, С.Шапағатов елді мекені бойынша жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-6-101 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қазандағы №60 «Ақкетік» газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақшұқыр ауылы, Сайын Шапағатов елді мекені бойынша жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы»;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақшұқыр ауылының жаңадан пайда болған көшелеріне келесі:».