Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 603 · қабылданған 29.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114909/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 603 ·29.09.2017
29.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 603 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
603
Қабылданған күні
29.09.2017
Көрсетілген редакция
29.08.2023 114909_653218.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000603
ЭКБ идентификаторы
114909
Редакция идентификаторы
114909_653218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:45

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының оныншы және он бірінші абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 29 қырукуйек
№ 603 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1

2

3

4

5

6

7 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 63-64, 496-құжат;):

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
1-бөлімнің 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.
Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес мөлшерде жүзеге асырылады.
Өтініш берілген күнге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.
Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.».

8 8. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулы:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 125) тармақшасын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-1), 86-1), 93-1), 95-1) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының 83) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ережеде:
16-тармақта:
82) тармақша алып тасталсын;
83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«83) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттарының қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 83-1), 86-1), 93-1) және 95-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«83-1) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттарының, шартты зейнетақы шоттарының қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«86-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«93-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;»;
«95-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;».

0.1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
1-қосымша

0.2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
2-қосымша

Қолданыстағы