Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения мелиоративного лова на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника

Бұйрық · № 343 · қабылданған 22.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114917/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения мелиоративного лова на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника Қолданыста Бұйрық ·№ 343 ·22.08.2017
22.08.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения мелиоративного лова на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника

Қолданыста Бұйрық ·№ 343 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения мелиоративного лова на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника
Атауы (қаз.)
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
343
Қабылданған күні
22.08.2017
Көрсетілген редакция
22.08.2017 114917_236730.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015714
ЭКБ идентификаторы
114917
Редакция идентификаторы
114917_236730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:05

0 Қорғалжын мемлекеттік табиғи

қорығы су айдындарында мелиорациялық
аулауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

су айдындарында мелиорациялық аулауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң

2010 жылғы 26 сәуірдегі № 288 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6251 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 4 тамыздағы №314 (26157) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында мелиорациялық аулауды жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 343 бұйрығымен бекітілген
Қорғалжын мемлекеттік табиғи
қорығы су айдындарында мелиорациялық
аулауды жүргізу қағидалары

1 1. Осы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында мелиорациялық аулауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы

7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемесі) су айдындарында мелиорациялық аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсiпшiлiк запасын алып қою немесе балықтардың жекелеген түрлерінің немесе экологиялық топтарының кәсiпшiлiк запасын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін;

2

2) мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін ұлғайтуға, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.

3

3. Балықтың жаппай қырылуына әкеп соқтырмай қоймайтын, балық жейтін құстардың азықтық базасының жағдайына теріс әсер ететін балықтың қырылу қатері туындаған және мұндай қатерді су объектілерінде балық шаруашылығы мақсатындағы ағымдағы мелиорация жүргізу жолымен жою мүмкін болмаған жағдайларда, табиғат қорғау мекемесі ғылыми ұсынымдар негізінде уәкілетті орган ведомствосымен келісе отырып, мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды.

4 4. Балыққа мелиорациялық аулау жүргізуге арналған ғылыми ұсынымдарды балық шаруашылығы бейініндегі ғылыми ұйымдар әзірлейді.

5 5. Мелиорациялық аулау туралы шешім табиғат қорғау мекемесі басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

Балыққа мелиорациялық аулау жүргізудің мерзімдері мен учаскелері ғылыми ұсынымдар негізінде айқындалады.
Мелиорациялық аулауды табиғат қорғау мекемесі қысқы кезеңде қолдануға рұқсат етілген аулау құралдарын пайдалана отырып, қамтамасыз етеді.

6 6. Қысқы кезеңде табиғат қорғау мекемесінің су айдындарының су бетінде күнделікті үкі бұрғылау және мұзойық ою қамтамасыз етіледі.

Үкі бұрғылау және мұзойық ою мұздың кез келген қалыңдығында жүргізіледі.

Қолданыстағы