Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 286 · қабылданған 25.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114932/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 286 ·25.08.2017
25.08.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 286 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
286
Қабылданған күні
25.08.2017
Қолданысқа енгізілген күні
15.10.2017
Көрсетілген редакция
25.08.2017 114932_235243.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17GB003529
ЭКБ идентификаторы
114932
Редакция идентификаторы
114932_235243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:02

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы 2017 жылғы 25 тамыздағы №286 қаулысына
келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»
Байзақ аудандық мәслихатының
хатшысы
_____________________ Н.Тлепов
«25» тамыз 2017 жыл

4 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Байзақ ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 25 тамыздағы
№286 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, бөлім және зертхана меңгерушілері;

2

2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық дәрігерлері, акушер, медбике, медициналық зертханашы, психолог, рентген зертханашысы, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, фельдшер, фельдшер-зертханашы, зертханашы (оның ішінде зертханашы – бактериолог, лаборант – паразитолог, санитарлық – гигиеналық зертхананың зертханашысы).

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: бөлім меңгерушісі;

2 2) мамандары (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.

3 3. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) гимназияның, мектептің, мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелердің директорлары, оқу және тәрбие істерінің меңгерушілері, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

2

2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық мұғалімдері (оның ішінде: дефектолог мұғалім, логопед, бастапқы әскери дайындық мұғалімі, қосымша білім беру педагогы, әлеуметтік педагог), әдіскер, психолог, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының медбикесі, аға вожатый, вожатый, тәрбиеші, музыка маманы, кітапханашы, өндірістік оқыту шебері, музыка жетекшісі, нұсқаушы (оның ішінде балалармен жұмыс, еңбек және өндірістік оқыту бойынша).

4 4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) мәдениет үйі, мұражай, аудандық кітапхана директорлары және директордың орынбасарлары, кітапхана, жинақтау және өңдеу бөлімінің, қызмет көрсету бөлімінің, ақпаратты библиографиялық бөлімінің, даму бөлімінің, филиалдың, мемориалдық кешеннің меңгерушілері;

2

2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әдіскер (оның ішінде кітапханаларды дамыту бөлімінің), барлық атаулы суретшілер, шығармашылық жетекші, кітапханашы, аға библиограф, экскурсия жетекшісі, редактор, режиссер, мұражай қорының сақтаушысы, ғылыми қызметкер, қоюшы-оператор, желілік киноаппаратура және дыбыс жазу операторы, дыбыс режиссері, хореограф, үйірме жетекшісі, солист, музыкалық жетекші, дирижер (оның ішінде оркестр жетекшісі), концертмейстер, инструктор, клуб меңгерушісі, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, балетмейстер, хормейстер, киномеханик, қорлардың, экспонаттардың құндылығын сақтаушы.

5 5. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) барлық спорт мектептердің директоры және директордың орынбасары;

2 2) барлық мамандық жаттықтырушылары, медбике, әдіскер, әдіскер-нұсқаушы.

6 6. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік кәсіпорынның директоры және директордың орынбасары, бекет меңгерушісі;

2 2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: (бас) мал дәрігерлері (оның ішінде дәрігер-дезинфектор, дәрігер-эпизоотолог), ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық санитар.

Қолданыстағы