Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 124 · қабылданған 12.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114945/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 124 ·12.09.2017
28.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 124 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124
Қабылданған күні
12.09.2017
Көрсетілген редакция
28.12.2021 114945_554965.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LH005973
ЭКБ идентификаторы
114945
Редакция идентификаторы
114945_554965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:54

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) - тармақшасына және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабына сәйкес Сырдария аудандық маслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрi – кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрi – шығындарды өтеу) тоқсанына 9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айқындалсын.

2

2. Шығындарды өтеудi «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне тиiстi оқу жылы кезеңiнде тоқсан сайын аудан бюджетi қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

3 3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының

22-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады және жүгінген кезде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4 4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

1

2 2) қайтыс болғанда;

3 3) мүгедектiгiн алып тастағанда;

4 4) интернат-үйi немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңiнде;

5 5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзiмi аяқталғанда;

6 6) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.

Шығындарды өтеу көрсетiлген жағдайлар туындағаннан кейiнгi айдан бастап тоқтатылады.

5 5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы