Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Кокшетау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Кокшетау
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-14/3
- Қабылданған күні
- 19.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2018 114983_379694.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BA006095
- ЭКБ идентификаторы
- 114983
- Редакция идентификаторы
- 114983_379694
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:51
0 Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2 2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
____________Е.Маржықпаев
2017 жылғы «19» қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
басшысы
_____________ Б.Каримов
2017 жылғы «19» қыркүйек
3 Көкшетау қалалық мәслихатының
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ С-14/ 3 шешiміне қосымша
Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ р/с
Салық салу объектiсiнiң атауы
Тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері (айлық есептiк көрсеткiштермен)
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2,5
4
Ойын жолы
40
5
Карт
5
6
Бильярд үстелi
9