Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил информирования органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в системе органов национальной безопасности Республики Казахстан по вопросам, относящимся к компетенции органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Бұйрық · № 64 нс · қабылданған 17.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114985/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил информирования органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в системе органов национальной безопасности Республики Казахстан по вопросам, относящимся к компетенции органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 64 нс ·17.08.2017
17.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил информирования органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в системе органов национальной безопасности Республики Казахстан по вопросам, относящимся к компетенции органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 64 нс · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил информирования органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в системе органов национальной безопасности Республики Казахстан по вопросам, относящимся к компетенции органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64 нс
Қабылданған күні
17.08.2017
Көрсетілген редакция
17.05.2023 114985_632069.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015727
ЭКБ идентификаторы
114985
Редакция идентификаторы
114985_632069
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:07

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуіріндегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 167) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

2

2) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының міндетін уақытша
атқарушысының 2017 жылғы 17 тамыз
№ 64 қе бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарын хабардар ету қағидалары

1 1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

әскери полиция органдарын хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әзірленген және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарын (бұдан әрі – ӘПО) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) жүйесінде ӘПО құзыретіне жататын мәселелер бойынша хабарландыру тәртібін белгілейді.

2

2. ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері, ҰҚО жасырын құрамын қоспағанда, жасаған оқиғалар мен құқық бұзушылықтар не болмаса олардың қатысуымен болған оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы ҰҚО уәкілетті басшылары не болмаса оларды алмастыратын адамдар, сондай-ақ жедел кезекшілер ӘПО-ны хабарландыруды ҰҚО ӘПО-ға ауызша немесе жазбаша ақпарат беру арқылы жүзеге асырады.

3 3. ҰҚО уәкілетті басшылары не болмаса оларды алмастыратын адамдар, сондай-ақ жедел кезекшілер ӘПО-ны аумақтылық бойынша:

1 1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 191-бабына сәйкес ӘПО анықтау нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізетін ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған қылмыстар туралы;

2 2) ҚПК 191-бабына сәйкес ӘПО хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізетін ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған қылмыстық теріс қылықтар туралы;

3 3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК) 727-бабының 1-бөлігіне сәйкес ӘПО қарастыратын ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;

4 4) ӘҚБтК 804-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес ӘПО лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыратын ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;

5 5) ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жарақат алған фактілері туралы;

6 6) ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері қайтыс болған фактілері туралы;

7 7) ҰҚО көлік құралдарын басқарған адамдар жасаған жол-көлік оқиғаларының фактілері туралы хабарландырады.

4 4. ҰҚО әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері ӘПО-на ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері жарақатпен шағымданған және дене жарақаттарымен емдеуге жатқызылған барлық жағдайлар бойынша дереу мәліметтер береді.

5 5. Қызметкерлердің, әскери қызметшілердің және жұмыскерлердің іс-қимылдарында ӘПО құзыретіне жататын қылмыстық не болмаса әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін көрсететін заң бұзушылықтар анықталған жағдайда ҰҚО ӘПО-ға қызметтік тексерістердің нәтижелерін жолдайды.

6 6. Осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы ӘПО-ны уақтылы хабарландыруды, сондай-ақ берілген мәліметтердің нақтылығын тиісті ҰҚО уәкілетті басшылары не болмаса оларды алмастыратын адамдар, жедел кезекшілер жүзеге асырады.

Қолданыстағы