О снятии ограничительных мероприятий на территории села Ленинское Сарыкольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Ленинское Сарыкольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 13.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2017 114990_236400.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NQD07218
- ЭКБ идентификаторы
- 114990
- Редакция идентификаторы
- 114990_236400
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:53
0 Қостанай облысы Сарыкөл
ауданы Ленинское ауылының
аумағында шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 01-20/106 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинское ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7071 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі және 2017 жылғы 20 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Е.Қ. Құрманов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Сарыкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндеттерің атқарушы
________________ И.И. Шинкоренко
«КЕЛІСІЛДІ»
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ш.Ж. Сатубалдин