О внесении изменений в некоторые постановления акимата Жалагашского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления акимата Жалагашского района
- Атауы (қаз.)
- Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 191
- Қабылданған күні
- 14.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2021 114997_600326.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LF005975
- ЭКБ идентификаторы
- 114997
- Редакция идентификаторы
- 114997_600326
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:53
0 Жалағаш ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, “Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылын қайта атау туралы” Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы №624 қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 қазандағы №67 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 28 қарашада №5651 болып тіркелген) және “Жалағаш ауданының Ақарық ауылын қайта атау туралы” Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі №839 қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі №135 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 31 шілдеде №5911 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
“КЕЛІСІЛДІ”
“Жалағаш аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі” коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ А.Момынтаев
14 қыркүйек 2017 жыл
“Қызылорда облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
басқармасы” мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Е.Әбдіқалықов
14 қыркүйек 2017 жыл
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ С.Әлиев
14 қыркүйек 2017 жыл
3 Жалағаш ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 14 қыркүйектегі
№191 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына
енгізілетін өзгерістер
1
2
2. “Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №31 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурызда №4910 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 30 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген қаулымен белгіленген барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарында:
реттік нөмері 18-жол жаңа редакцияда жазылсын:
“
18
Аламесек ауылдық округінің Есет батыр ауылы
Қ.Әбішев көшесі №24 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №124 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
”.
3
3. “Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы №177 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте №5137 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 16 қазанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесінде:
реттік нөмері 3 және 4-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
“
3
KND-3
М-32 Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов- Жаңаталап-Аққыр
52,59
52,59
52,59
4
KND-4
М-32 Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария
37,396
37,396
37,396
”.
4
4. “Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №10 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 10 ақпанда №5334 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 17 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген қаулымен белгіленген кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайларда:
реттік нөмері 11-жол жаңа редакцияда жазылсын:
“
11
Аламесек ауылдық округінің Есет батыр ауылы
Қ.Әбішев көшесі №26 мекен-жайда орналасқан “Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының Есет батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы
”.