Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по усилению государственного контроля за рациональным использованием биоресурсов на водоемах области

Өзге акт · № 1-337р · қабылданған 23.04.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1150/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О дополнительных мерах по усилению государственного контроля за рациональным использованием биоресурсов на водоемах области Күшін жойған 23.04.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О дополнительных мерах по усилению государственного контроля за рациональным использованием биоресурсов на водоемах области

Күшін жойған Өзге акт № 1-337р 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по усилению государственного контроля за рациональным использованием биоресурсов на водоемах области
Атауы (қаз.)
Облыстың су айдынында биоресурстарды тиімді пайдалану үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-337р
Қабылданған күні
23.04.1998
Көрсетілген редакция
23.04.1998 1150_256881.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000035
ЭКБ идентификаторы
1150
Редакция идентификаторы
1150_256881
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:44
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың

су айдынында биоресурстарды тиімді пайдалану үшін мемлекеттік бақылауды күшейту
жөніндегі қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31
шешімімен.
"Қазақстан Республикасының су айдындарында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы" Ережеге сәйкес және "Зайсанертiсбалыққорғау" бассейндiк басқарманы қайта ұйымдастыру кезiнде балық қорларын үдемелi көбейту және тиiмдi пайдалану үшiн мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында:

1. Жануарлар, өсiмдiк дүниесiн қорғау, үдемелi көбейту және пайдалану үшiн, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға мемлекеттiк бақылаудың Шығыс Қазақстан облыстық инспекциясы (Әубәкiров Ж.Қ.) облыс әкiмiнiң 1997 жылғы 24 маусымдағы 63-к шешiмiн толық көлемiнде орындауды қамтамасыз етсiн. Бұл үшiн: « - меншiктiк нысандарына және ведомстволық бағыныштығына қарамастан барлық балық дайындаушылардың облыс су айдындарында балық аулау кәсiбiмен шұғылдануының заңдылығын тексеру жөнiнде шұғыл оперативтi топтар құрсын; "Зайсанертiсбалыққорғау" бассейндiк басқармасы ол таратылғаннан кейiн берген балық аулауға рұқсат қағазы жарамсыз деп танылсын;
- жергiлiктi табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, облыс су айдындарында көктемде ұрық шашатын балықты қорғау және көбейту жөнiнде айлық өткiзудiң мерзiмдерi белгiленсiн;
- балық аулаудың қолданылып жүрген тәртiбiн бұзушыларға "Барлық табиғатты пайдаланушылардың облыс су айдындарынан биоресурстарды алу және пайдалану тәртiбi туралы"»Ережеде көзделген материалдық және қылмыстық жауапкершiлiк қолданылсын.

2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.) браконьерлiктi болдырмау жөнiнде шаралар қолдансын; оперативтiк топтар құру және облыстың балық аулайтын су айдындарында рейдтер өткiзуге балық қорғау органдарына көмек көрсетсiн.

3. Облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.), ветеринария комитетi (Тоқсейiтова Р.А.) облыстық жол полициясы (Жұмадiлов Е.С.) және ветеринарлық-санитарлық полиция (Қожамбинов С.) басқармаларымен бiрге балық өндiрудiң, өңдеудiң, тасымалдаудың және өткiзудiң санитарлық- тазалық тәртiбiн сақтауға бақылау орнатсын.

4. Су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау жөнiндегi Шығыс Қазақстан басқармасы (Вотяшов А.И.) 1998 жылғы 25 сәуiрге дейiнгi мерзiм iшiнде мүдделi ұйымдармен, ең алдымен "Қазмырыш" акционерлiк қоғамымен, "Алтай Пауэр" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкпен облыстың балық шаруашылығына өте аз зиян келтiру мүмкiндiгiн негiзге алып, Бұқтырма су қоймасы каскадасынан көктемгi су жiберу кестесiн келiссiн.

5. Шығыс Қазақстан облыстық экология және биоресурстар басқармасы (Адамов Р.Ж.) ылай судың және өндiрiстiң басқа қалдықтарының облыс су айдындарына түсiруге бақылауды күшейтсiн.

6. Өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Б. Қалиевқа және жануарлар, өсiмдiктер дүниесiн қорғау, үдемелi көбейту және пайдалану үшiн, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға мемлекеттiк бақылаудың облыстық инспекциясының бастығы Ж.К.Әубәкiровке жүктелсiн.