Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения военнослужащим органов военной прокуратуры Республики Казахстан расходов за счет государства на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте

Бұйрық · № 91 · қабылданған 25.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115019/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения военнослужащим органов военной прокуратуры Республики Казахстан расходов за счет государства на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте Қолданыста Бұйрық ·№ 91 ·25.08.2017
25.08.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения военнослужащим органов военной прокуратуры Республики Казахстан расходов за счет государства на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте

Қолданыста Бұйрық ·№ 91 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения военнослужащим органов военной прокуратуры Республики Казахстан расходов за счет государства на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
91
Қабылданған күні
25.08.2017
Көрсетілген редакция
25.08.2017 115019_237867.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015770
ЭКБ идентификаторы
115019
Редакция идентификаторы
115019_237867
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:02

0 Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы

2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Бас әскери прокуратура:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурорға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 91 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының
әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және
ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу тәртібін анықтайды.

2 2. Әскери қызметшілердің өз мүлкін мемлекет есебінен тасымалдауға оны лауазымға тағайындау туралы бұйрық негізінде жаңа қызмет орнына ауысуы кезінде рұқсат етіледі.

3 3. Өз мүлкін тасымалдау әскери қызметшінің бұрынғы қызмет ету орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (жаңа тұрғылықты жеріне) дейін жүргізіледі.

4 4. Теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен өз мүлкін тасымалдау автомобиль жолының әрбір 20 (жиырма) шақырымына бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

Өз мүлкін тасымалдау бойынша нақты шығыстар мен бекітілген нормалар арасындағы айырмашылық жөнелтушінің жеке қаражаты есебінен төленеді.

5 5. Әскери қызметшінің өз мүлкін тасымалдау кезіндегі шығыстарды мемлекет есебінен өтеу оның баянаты (еркін нысанда) және оған келесі құжаттарды қоса тіркеу негізінде жүргізіледі:

1 1) автомобильмен тасымалдау кезінде:

фискалды чек;
кірісті кассалық ордер;
шот-фактура;
атқарылған жұмыстардың актісі (еркін нысанда);
мүлікті тасымалдау келісімі;
тұлғаның жүк тасымалдарын жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттар (патенті, кәсіпкерлік қызметтің түрі туралы анықтама);
әскери қызметшінің және оның отбасы мүшелерінің нақты ауысуы, отбасының қандай мекен-жайдан келгендігін көрсетіп, соның ішінде келу күні мен жаңа тұрғылықты жері бойынша мекен-жайы туралы кадр аппаратының анықтамасы;

2 2) теміржол, су көлігімен тасымалдау кезінде:

фискалды чек;
шот-фактура;
атқарылған жұмыстардың актісі;
әскери қызметшінің және оның отбасы мүшелерінің нақты ауысуы, отбасының қандай мекен-жайдан келгендігін көрсетіп, соның ішінде келу күні мен жаңа тұрғылықты жері бойынша мекен-жайы туралы кадр аппаратының анықтамасы.
Өз мүлкін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу кезінде әскери қызметшінің баянат берген күніне 2015 жылғы 30 қарашадағы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

6 6. Өз мүлкін республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу:

1 1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеу арқылы;

2 2) қаражат болмаған жағдайда – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгертулер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

Қолданыстағы