Об утверждении Правил предоставления военнослужащим органов военной прокуратуры Республики Казахстан и членам их семей права на проезд за счет государства внутренними и международными авиамаршрутами на воздушном транспорте
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления военнослужащим органов военной прокуратуры Республики Казахстан и членам их семей права на проезд за счет государства внутренними и международными авиамаршрутами на воздушном транспорте
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 25.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2017 115024_237857.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015750
- ЭКБ идентификаторы
- 115024
- Редакция идентификаторы
- 115024_237857
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:02
0 Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Бас әскери прокуратура:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурорға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 90 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының
әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне
әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен
мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру
қағидалары
1
1. Осы Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін реттейді.
2 2. Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындары эконом класс салоны ұшағының тарифтерімен өтеледі.
3 3. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 44-бабына сәйкес әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі, егер:
1 1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) шақырымнан астам болса;
2 2) әуе көлігімен жол жүру бағасы темір жол, автокөлік не ішкі су көліктерімен жүру бағасымен, ал көліктің бірнеше түрімен жүру кезінде – олардың жалпы бағасынан тең немесе төмен болған жағдайда;
3 3) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болғанда, сондай-ақ емдеу мекемесінің ауруды әуе көлігімен тасымалдау туралы қорытындысы немесе әскери-дәрігерлік комиссиясының қаулысы негізінде;
4 4) іссапарға барған кезде (Қазақстан Республикасынан тыс аумаққа транзитпен іссапар, темір жол, автокөлік және ішкі су көліктеріне билет болмаған жағдайда, іссапардың жеделдігі);
4 4. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен келесі жағдайларда жол жүру құқығына ие, егер:
1 1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) шақырымнан астам болса;
2 2) әуе көлігі жетудің жалғыз құралы болса;
3 3) мүгедек балалары болса, сондай-ақ жердегі және судағы көлікпен жүруге шектеулері болып, ата-анасының біреуінің ілесіп жүруі кезінде;
4 4) әуе көлігімен жол жүру бағасы темір жол, автокөлік не ішкі су көліктерімен жүру бағасымен, ал көліктің бірнеше түрімен жүру кезінде – олардың жалпы бағасынан тең немесе төмен болған жағдайда;
5) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болғанда, сондай-ақ емдеу мекемесінің ауруды әуе көлігімен тасымалдау туралы қорытындысы немесе әскери-дәрігерлік комиссиясының қаулысы негізінде.
5 5. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындарын өтеу Бас әскери прокурордың немесе оны алмастырушы адамның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Бас әскери прокурордың әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оны алмастырушы адамның рұқсатымен жүзеге асырылады.
6 6. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындарын өтеу үшін әскери қызметші баянат (еркін нысанда) береді.
Жол жүру мақсатына байланысты баянатқа келесі құжаттар тіркеледі: отырғызу талоны, жол жүру билеттері, фискалды чек, ал электронды билетпен жүрсе (отырғызу талоны және авиабилеттің төленген бағасын растайтын құжаттар), отбасы құрамы туралы кадр қызметінің анықтамасы (еркін нысанда), кәмелетке толған балаларына оқу орнынан анықтама (еркін нысанда), сондай-ақ мүгедектіктерін және денсаулығы бойынша шектеулерін растайтын құжаттар.
7
7. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығыны Бас әскери прокурордың бұйрығы негізінде өтеледі. Бұйрықта қозғалыс маршруты, негіздемесі, жол жүру шығындарының сомасы (қызметтік іссапарға барған шығындарды қоспағанда) көрсетіледі.