Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые нормативные правовые приказы в сфере информации и коммуникаций

Бұйрық · № 309 · қабылданған 17.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115026/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые нормативные правовые приказы в сфере информации и коммуникаций Қолданыста Бұйрық ·№ 309 ·17.08.2017
05.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые нормативные правовые приказы в сфере информации и коммуникаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 309 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые нормативные правовые приказы в сфере информации и коммуникаций
Атауы (қаз.)
Ақпарат және коммуникациялар саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
309
Қабылданған күні
17.08.2017
Көрсетілген редакция
05.09.2024 115026_719570.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015831
ЭКБ идентификаторы
115026
Редакция идентификаторы
115026_719570
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:07

0 Ақпарат және коммуникациялар

саласындағы кейбір нормативтік құқықтық
бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін ақпарат және коммуникациялар саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрлеріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 07 қыркүйек

8 Ақпарат және коммуникациялар саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 17 қыркүйек
№ 309 бұйрығымен бекітілген
Ақпарат және коммуникациялар саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі

1

2

3

4

4. «Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 12464 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнінде:
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. АНОДҚ жұмыс істеуін және АНОДҚ-ға қолжетімділікті қамтамасыз етудің бағаларын қалыптастыруды АНОДҚ операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13588 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.».

5

6

6. «Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында:
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Мемлекеттік органдардың АК-қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі сұрау салулары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (Мемлекеттік регламетінің нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 13324 болып тіркелген) бекітілген Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Серіктес мемлекеттік органдардың оның жұмысымен байланысты сұрау салуларын орындау процесінде АКИ объектінің (объектілерінің) немесе сервистік бағдарламалық өнімнің техникалық қолдауын қамтамасыз етеді.».

Қолданыстағы