Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача направления детям с ограниченными возможностями в специальные коррекционные и другие организации для получения медицинских, специальных образовательных и специальных социальных услуг»

Қаулы · № 359 · қабылданған 07.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115027/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача направления детям с ограниченными возможностями в специальные коррекционные и другие организации для получения медицинских, специальных образовательных и специальных социальных услуг» Күшін жойған Қаулы ·№ 359 ·07.09.2017
02.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача направления детям с ограниченными возможностями в специальные коррекционные и другие организации для получения медицинских, специальных образовательных и специальных социальных услуг»

Күшін жойған Қаулы ·№ 359 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача направления детям с ограниченными возможностями в специальные коррекционные и другие организации для получения медицинских, специальных образовательных и специальных социальных услуг»
Атауы (қаз.)
«Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
359
Қабылданған күні
07.09.2017
Көрсетілген редакция
02.03.2020 115027_447149.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17S0004317
ЭКБ идентификаторы
115027
Редакция идентификаторы
115027_447149
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:56

0 «Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 359 қаулысымен бекітілді
«Кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 120 бұйрығымен бекітілген «Кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 15317) сәйкес әзірленген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне1-қосымшаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1 1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама беру;

2 2) ата-аналарға консультативтік көмек көрсету.

4 4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз көрсетілетін қызметті алушының (не оның нотариалдық расталған сенімхат бойынша өкілінің) жүгінуі және көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады:

1 1) ата-аналардың (заңды өкілдердің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);

2 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін).

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау болып табылады.

7 7. Мемлекетік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді - 15 (он бес) минут;

Көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тартады.

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасымен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, сәйкес бұрыштама қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минут;

3

3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізеді, түйіндеме жасайды, консультациялық көмек көрсетеді,жолдама жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді- 6 (алты) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдама жобасына қол қояды және қызмет берушінің кеңсесіне жібереді - 15 (он бес) минут;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген нысан бойынша жолдама береді, консультациялық көмек көрсетеді - 15 (он бес) минут.

8 8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:

1 1) құжаттар топтамасын тіркеу;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

3 3) жолдаманың жобасы;

4 4) жолдама жобасына қызмет беруші басшысының қол қоюы;

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға жолдама беру, консультативтік көмек көрсету.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзараіс-қимыл тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

9 9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді - 15 (он бес) минут;

Көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тартады.

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасымен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, сәйкес бұрыштама қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минут;

3

3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізеді, түйіндеме жасайды, консультациялық көмек көрсетеді, жолдама жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді- 6 (алты) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдама жобасына қол қояды және қызмет берушінің кеңсесіне жібереді - 15 (он бес) минут;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген нысан бойынша жолдама береді, консультациялық көмек көрсетеді - 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекет ету рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10 10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмеді.

«Кемтар балаларды арнаулы түзеу
ұйымдары мен басқа да ұйымдарға
медициналық, арнаулы бiлiм және
арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы
үшiн жолдама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларының тізімі

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жердің мекенжайы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру уақыты
1
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Пушкин көшесі , 103
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұманы қоса
2
«СолтүстікҚазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақжар ауданының өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Талшық ауылы
Абылай-хан көшесі, 7
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұманы қоса
3
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шал ақын ауданының өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Шалақын ауданы
Сергеевка қаласы
Гончар көшесі, 25
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұманы қоса
«Кемтар балалаға арнаулы түзеу ұйымдары мен
басқа да ұйымдарға медициналық,арнаулы бiлiм
және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн
жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы