Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Костанайской, Павлодарской, Жамбылской и Северо-Казахстанской областей

Бұйрық · № 560 · қабылданған 18.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-115030/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Костанайской, Павлодарской, Жамбылской и Северо-Казахстанской областей Қолданыста Бұйрық ·№ 560 ·18.09.2017
18.09.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Костанайской, Павлодарской, Жамбылской и Северо-Казахстанской областей

Қолданыста Бұйрық ·№ 560 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Костанайской, Павлодарской, Жамбылской и Северо-Казахстанской областей
Атауы (қаз.)
Қостанай, Павлодар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
560
Қабылданған күні
18.09.2017
Көрсетілген редакция
18.09.2017 115030_238076.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015829
ЭКБ идентификаторы
115030
Редакция идентификаторы
115030_238076
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:51

0 Қостанай, Павлодар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қостанай, Павлодар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемдері:

Қостанай облысы – 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңгеден артық емес;
Павлодар облысы – 2 000 000 000 (екі миллиард) теңгеден артық емес;
Жамбыл облысы – 1 800 000 000 (бір миллиард сегіз жүз миллион) теңгеден артық емес;
Солтүстік Қазақстан облысы – 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауға жіберілуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы